Аштан өлген миллионер туралы хикая

Oinet.kz 07-11-2019 2514

байлық.jpg

Күндердің күнінде әлемдегі ең бай отбасынан шыққан еврей барон Ротшильд деген кісі болыпты. Ол дәулеті көбейген сайын сараңдық танытып, мұқтаж жандарға қол ұшын беруден бас тартады. Содан бір күні Илья есімді еврейлердің көсемі оған келіп:

— Сен дүниеге беріліп, ақіретті ұмыттың. Айналаңдағы адамдардың қамын ойламайтын жағдайға жеттің. Бұның қалай? — дейді. Ротшильд мысқылдап жауап бермейді. Илья сөзін жалғап:

— Дәл осылай жалғаса берсе сен арам өлесің, білемісің? — дейді. Ротшильд:

— Мен өлсем ең ұлы әрі беделді 10 еврей тәнімді қабірге дейін жоғарыға көтеріп, мадақтап жаяу апарады, — дейді. Илья бұл әңгіменің нәтижесіз болатынын түсініп, қолын сілтеп, теріс бұрылып кетіп қалады. Расымен Ротшилдтың сарайы өте үлкен болатын. Оның қазынасы жертөледе сарайдың бір шетінде орналасқан еді.

Арада бірнеше күндер өтіп Ротшилд сарайын аралап, қазынасын бір бақылап көруге бел буады. Қазына жасырынған бөлменің есігі ауыр темірден жасалған. Содан Ротшилд есікті ашып ішке кіреді, алайда кілтті құлыпқа салған бойда сыртта ұмытып кетеді. Ол сейфтерді тексеріп жатқанда кенет темір есік артынан жабылып қалады. Ротшильд жанын салып есікті ұрып, айғайлай бастайды. Бірақ сарайдың үлкендігі мен темір есіктің қалыңдығы сонша оның дауысы ұзаққа жетпейді. Ол қанша шығуға тырысқанымен бәрібір шарасыз қалады. Осылайша Ротшильд әлемнің жартысын сатып алатын қазынаның арасында аштан арам өледі. Оның денесі екі аптадан кейін ғана табылған екен.

Жалғас Асхатұлы, дінтанушы 

Нәзік жіп
Сабақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу