Әкені кешіру

Oinet.kz 07-11-2019 1390

әке мен қызы.jpg

Қыз балаға әкесімен жақсы қарым-қатынас қалыптастыру өте маңызды. Әкеге құрмет көрсету, оны жан-дүниесімен қабылдау, оған өмір бергені үшін разы болу маңызды. Алайда екінің біріне бұлай жүрегін ашу оңай бола бермейді. Кешірілмеген ренішті арқасына жүк қылып артып алып өмір сүретіндер қаншама? Соның салдарынан қызы өзіне өмірдің жарқын жақтарын жауып тастайды, әсіресе – бақыт энергиясы жүрмей қалады.

Бақыт үшін Күн тотемі жауап береді. Ал Күн дегеніміз киелі Ер-азаматтың қолдаушысы. Жер бетінде оны Әкеге теңейді.

Сондықтан қыз бала әкесімен жақсы қарым-қатынас қалыптастырғанда, оған қызмет жасағанда ғана әйел бақытын тауып, бақытты отбасын құрады. Бүкіл өмірі бақыт энергиясымен толысады.

«Жексенбі – Күнге арналған күн. Жексенбі сайын әкеге арнап медитация жасаған пайдалы. Әкені кешіруге арналған дұғалар, жаттығулар жасау керек. Соның бірі деп қабылда. Сонымен, жағымды музыканы қосамыз. Көзімізді жұмып, әдемі суреттерді елестетеміз. Көз ұшында ақша бұлттар ұшып барады. Күн тәніңді қыздырып, жаның шат-шадыман. Айнала толы әдемі гүлдер. Самал жел маңдайыңнан өбеді. Гүлдің жұпары аңқиды. Белден келетін көк шөптің ортасындағы жалғызаяқ сүрлеумен келесің. Оң жақта өзен гүрілдеп ағып жатыр. Өзеннің гүрілдегеніне жаның сүйсінеді. Өзенді бойлай көкорай шалғынға қарай беттеп барасың. Сүрлеу алысқа бастап барады...

Алдыңнан білінер-білінбес нүкте көрінеді. Жақындаған сайын нүкте адамның сұлбасына айналады. Жақындай берген сайын кім екені анық көріне береді. Әлі алыста, бірақ ол адам сенің жақының екенін сезесің. Сол адамнан ерекше бір жылу сезіледі. Жақындай түскен сайын ол адамның ер кісі екенін байқайсың. Саған қарсы келе жатқан сенің әкең екенін көресің. Әлі жас кезі, сымбатты, бала күніңде көргеніңдей. Міне, тақап келеді де, сендер бетпе-бет жолығасыңдар. Әкеңнің көзіне тік қара да, ойша оған былай де:

- «Әке, мен сені кешіремін. Мен саған деген бүкіл өкпемды кешіремін. Ренжіген әр нәрсемді кешіремін. Мені мен қалағандай түсіне бермегеніңді кешіремін. Сенің қаталдығыңды кешіремін. Мен қалағандай маған уақыт пен көңіл бөлмегеніңді кешіремін. Мен қандай болсам, сол күйінше көре алмағаныңды кешіремін. Кейде маған қысым жасап, сен қалағандай болуымды талап еткеніңді кешіремін. Өміріңде менен басқа көп мақсатың мен арманың болғанын да кешіремін. Үнемі менің жанымда отыра алмағаныңды кешіремін. Саған бәрін кешіремін. Өкпемді өзіме аламын. Өзіме қайтарамын. Өзімнің күйігімді, еркелігімді, саған айтқан ауыр сөздерімді қайтарамын. Саған деген көңіл толмаушылықтың бәрін, жағымсыз энергияны да өзіме қайтарамын. Бәрін өзіме қайтарамын да, соның бәрін Махаббатқа айналдырамын. Сол Махаббатты жүрегіме құямын. Сол махаббатты ел-жұртқа таратамын. Саған да сол махаббаттан бөліп берем... Мен сені кешірдім, әке! Мен сені жақсы көрем! Сен де мені кешір, әке!»

Әкеңнің көзіне тағы бір рет қара. Оған деген махаббатың мен мейіріміңді сезін. Бала күнгі жан жараңнан құтылғаныңды сезін. Әкеңді мойындамаған қалпыңнан кетіскеніңді түсін. Әкеңді құшақта. Оның жан жылуы мен туыстығын сезін. Терең тыныста. Ары қарай жүру керек. Өз жолыңмен жүруің керек. Көкорай шалғынды бетке алып ары қарай жүре бересің...»

Бұл мәтінді диктофоныңа жазып ал, өзіңе лайықтап жазып алуыңа да болады. Бұл медитацияны қанша рет керек болса, жаның қалағанша жасап жүр. Ақырында жақсы нәтижеге жеткізеді.

Күн мен бақыт энергиясымен үндестікте өмір сүруіңе тілектеспін.

Аглая Датешидзе

Аударған @shinarabelda

Сенім
Бақыт пен уақыт
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу