Бақыт пен уақыт

Oinet.kz 07-11-2019 1447

бақыт пен уақыт.jpg

Мен бірде фейсбукқа *Бақытты болуға уақыт таппайтын адамдарға таң қаламын* деп жазып едім. Түрлі пікірлер болды. Соның ішінде біреу *Ал сен өзің бақыттысың ба?* деп сұрақ қойыпты. Мен оған *Мен әр күн сайын бақытты болуға уақыт табамын* деп жауап бердім.

Демек, уақыт пен бақыт деген ұғым бір-біріне тәуелді.

*Өз-өзіңізге қарауға уақытыңыз болмаса, бақытты болуға уақытыңыз жоқ;

*Өз-өзіңізді дамытуға уақытыңыз жоқ болса, бақытты болуға уақытыңыз жоқ;

*Күнделікті демалысқа уақыт бөле алмасаңыз, бақытты болуға уақыт жоқ;

*Жақындарыңызға уақыт бөле алмасаңыз, бақытты болуға уақыт жоқ;

*Еркіндігіңізге уақыт бөле алмасаңыз, бақытты болуға уақыт жоқ...

Біз бақытты бір жақтан келетіндей үнемі күтіп жүреміз. Бір сәтке *Бақыт деген - өзім, ол мәңгі менімен бірге* деп ойлап көріңізші. Осы ойдың өзі сізге керемет көңіл-күй сыйлайды. Енді осы ойды біржола санаңызға сіңіріңіз. Ешқашан ажырамайтындай мидың мың сан қатпарларына шашыратып, егіп тастаңыз. Егу демекші, миды - бақ, ал өзіңізді бағбан деп алатын болсақ, сапалы, мол өнім алу үшін бағбан жеміс ағаштарын жақсылап күтеді. Әрине, уақытының көп бөлігін бақта өткізеді. Сіз де уақытыңыздың көп бөлігін миыңызда өткізіңіз. Ми - бағыңызды үнемі құнарландырып отырыңыз. Жеміс ағаштарының түбін қопсытып, суарып отыру маңызды. Бәлкім, барлық бағбандардан ерекшеленіп, жаңа жеміс түрін ойлап табарсыз. Оны өзгелерге таратып, пайда табуға да болады. Айтпағымыз, мидың жұмысын жетілдіру арқылы бақытты болуға болады. Бақытты құс кейпінде көріп, бір күні ұшып кетеді деген соқыр сенімнен біржола арылыңыз. Өзіңіз бақыт құсы болыңыз, бақытты қажет еткен адамдарға барып қоныңыз. Соған уақыт табыңыз. Бақытты адамдардың бақытын үстеңіз, сізді күткен адамдарды көп күттірмеңіз.

Сіз - бақытсыз. Өзгелерге уақыт бөліңіз.

Шынар Әбілданың әлеуметтік парақшасынан алынды

Әкені кешіру
Бақытты болуға рұқсат ет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу