Өзіңді құрметтегенде өмір өзгереді

Oinet.kz 08-11-2019 1601

өзіңді құрметте.jpg

1 Өзіңе деген ілтипат артады.

Өзіңе қамқорлық жасай бастасаң — тәніңе, көңіл күйіңе, ой-санаңа, сонда жайсыздық пен жағымсыздық тудыратын адамдар өздігінен алыстай береді.

2 Өзіңді жақсы көре бастайсың.

Жалғызбын деп сырттан махаббат іздемейсің, бос тұрған құмыраңды өзіңе деген махаббатпен толтырып үйренесің.

3 Улы адамдардан құтыласың.

Болмысыңды бүлдіретін кездейсоқ қарым-қатынастардан құтыласың. Өзің жақсы көріп, қамқор болған адам сені алға жетелемейді. Бұл көңіл күйге дық түсіретін қарым-қатынас. Қолыңдағының бәрін ұсынатын адам саған дәл солай жауап қатпайды. Кейде өмірде ең басты қадам - нақты өзіңе қажеті жоқ жандарды аластау.

4 Бақыттан басың айналады.

Бақыт сыйламайтын, жүйкеге салмақ түсіретін оқиғаларды көргенде драмадан бас тартып, тартына бересің. Өзіңе қажеті жоқ нәрседен тыйыласың.

5 Қарым-қатынас жақсарады.

Карьера не мақсатқа қатысты болсын кез келген араласатын мүдделес адамдармен қарым-қатынас позитивке толып, мақсатты түрде дамиды, күн өткен сайын жақсара береді.

6 Өзіңе сапалы адамдарды тартасың.

Бәлкім, бұрынырақта бір сәттік көңіл бөлгенінен басың айналатын кездер болған шығар, бірақ қазір уақытыңның қат екенін, өзіңе де керек екенін түсіндің. Асыл уақытыңды кім көрінгенге жұмсағың келмейтін болдың. Кім көрінгеннің бәріне жауап жазбайсың.

7 Өзің үшін, өзің сенетін ақиқат үшін күресе бастайсың.

Өзіңе деген сенім бой көтергенде өзгенің негативі мен күмәніне сенбейсің. Олар негативке толы, жағымсыз нәрселерді айтуы мүмкін, алайда сен ешкімді тыңдамайсың. Өзіңе сенесің, егер олар сені өзгертпесе, кетісесің.

8 Бұрынғыдан әлдеқайда сенімді бола түсесің.

Төрт құбылаң түгелдей сенімнен құралады. Айнаға қарап тал бойыңнан кемшілік көрмейсің. Ішкі дауысың өзіңе масаттан деп тұрады.

9 Ешкімге ештеңе түсіндірмейсің.

Сені бақытқа бөлейтін таңдау жасасаң, ешкімге неге осы таңдауды жасағаныңды түсіндірмейсің.

10 Кешірім сұрауды доғарасың.

Таңдауыңа сенімді болсаң, ештеңеге кешірім сұрап әуре болмайсың. Қателессең, кешірім сұрайсың, бірақ өзіңе сенімді болу ұсақ-түйек кемшіліктен тыяды.

11 Күтпейтін боласың.

Өтірік пен ақталуға сенбейтін боласың. Өтірік айтқанның бәрін еркіне жібересің.

12 Ешкімді қызғанбайсың.

Өткен өміріңде өзіңді әркіммен салыстырып әуре болған шығарсың. Ал қазір бәсекеге түсетін жалғыз адам бар – айнадағы өзің.

Аударған Шынар Әбілдә

Адамды адамға ниет жолықтырады
Еш жерде жазылмаған, бірақ есте сақтап жүретін заңдар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу