Неге ажырасу қиын?

Oinet.kz 11-11-2019 1322

ажырасу қиын.jpg

Неге ажырасқан күйеумен көңіл күй байланысы үзілмейді?

Клиенттің «Ажырасқалы бері өз-өзіме келе алмадым, ажырасқаныма қуанамын. Бірақ жаңа қарым-қатынас бастауға қорқамын. Үнемі жүрегіммен бұрынғы күйеуімді «естіп, сезіп» отырамын. Өзімді қоғамда еркін өмір сүруге жеткізе алмадым» деген сұранысына орай психологиялық жаттығу жасадық.

Егер адамдар 10, 15, 20 жыл бірге тұрған соң ажырасса, араларында өте күшті байланыс қалыптасып қалады. Әсіресе, арада бала болса, ажырасу тіптен қиын. Бұл байланыс мәңгіге қалады. Ал жаңа өмір бастау үшін ескі байланысты әлсірету қажет. Ол үшін көңіл күй тәуелділігі мен рухани байланысты үзу керек.

Клиент әйел бүкіл көңіл күй тәуелділігін талдады, өз өмірін бастауға ниет білдірді, бұрынғы күйеуімен өзіне ұнайтындай дұрыс қарым-қатынас құруды үйренді, сонда да оған қатты байланып жүрді. Ол байланыс - көңіл күй тәуелділігі емес еді.

Клиент әйел басқа ер адаммен кездесуге барған күні бұрынғы күйеуі көшеде құлап, аяғын сындырып алғанын айтты. Өзін оның аяғы сынғанға қатыстыдай сезінеді.

Сол жағдайды талдаған кезде «Әкесі қызын күйеудің қолына тапсырады. Енді қызына күйеу жауап береді» деген бағдарламаға тап болдым.

Бұл бағдарлама жүз жылдан бері бар екен. Өте күшті бағдарлама. Жалпы әйел заты өз еркімен (әкесіз, күйеусіз) қоғамда өзін дамытуды және таңдау жасауды үйренгеніне сәл ғана уақыт өтті. Жаңа мүмкіндіктер тарихи дәстүрмен бәсекелеседі.

Клиент әйелмен осы бағдарламаны және алғашқы күйеуін «саған қамқор болатын адам» деп таңдауға әкесі көмектескені туралы жұмыс жасадық. Клиентім әкесін тыңдап, оның дәйектеріне сеніп, күйеуге шығатын уақыт жетті деп мақұлдай салған.

Осы жағдайды қарастырдық. Бағытымыз әйелдің қазіргі таңдағы өз-өзіне деген жауапкершілігін ояту.

Бұл бағдарлама бұрынғы күйеуіне деген қатты байланысын күшейтіп, қоғамда іскер, белсенді, өзін көрсете білуіне жолын жапқан. Клиент әйел өзін сылбыр, батпаққа батып қалғандай сезінген. Былайынша әрекет етуге еркіндігі бар, бірақ күші мен құлшынысы жоқ.

Бағдарламаны талдап, клиентімді дамытатын бағытты анықтадық, өзінің ішіндегі күш-қуатын өзіне қалай жұмсауы керектігін таптық. Оның күш-қуаты тіпті ажырасқан соң да тек бұрынғы күйеуіне жұмсалып отырыпты. Енді сол күш-қуатын өз ырқына көндірді.

Жауапты болу, өз бетімен таңдау жасай алу – қазіргі таңдағы ресурстар. Екі ғасыр бұрын бұлар әйел үшін кемшілік саналатын. Әйел көтеруге лайық емес жүк еді.

Өз жауапкершілігіңіз бен әрекет ету еркіндігіңізге қараңызшы - өте бағалы, құнды ресурс. Сол ресурсты кез келген салаға жұмсай аласыз. Дұрыс бағытты таңдаңыз.

Марта Марчук

Аударған Шынар Әбілдә

Қуат пен реніш
Өмір – өз ішіңде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу