Беймахаббат

Oinet.kz 11-11-2019 792

беймахаббат.jpg

Анна Кирьянова Ресейдегі ең танымал психологтардың бірі. Оны ел тележүргізуші ретінде де біледі. Бірнеше кітабы, мақала мен өлеңдері де шыққан.

Анна Кирьянованың өзі үшін түртіп жүретін ескертпесінің бірімен таныс болыңыздар.

«Беймахаббат»

Махаббат жоқ деген – бөгет жасауға болмайды деген сөз. Сөйлеуге, күлуге, құшақтап мазаны алуға болмайды. Өзіңнің сезіміңді айта алмайсың – мұның бәрі құр бекершілік, керегі не бас қатырып? Сенің көңіліңді толқытқан дүние оған жат. Ештеңе сұрауға болмайды – қазір жағдай мәз емесін өзің де түсінуің шарт, жалпы, саған соның не керегі бар? – дейді. Ол көмектеседі деп күтпейсің. Ересек адам өз басын өзі алып жүруі тиіс деп бетіңді қайтарады. Тіпті бес жылдан бері кездесіп жүрсең де сол. Бес жаста болсаң да сол. Бес жас деген әжептәуір жас қой. Ал егер отыз бес жаста болсаң – қартайып біткенің. Мұндай жаста сәнденіп киінбе деп шегелейді.

Махаббат жоқ деген – қатты ұрыспайды да, қатты мақтамайды да. Байқамайды. Сүйген адамның жанында тамақ жеген ыңғайсыз болса – ол: тым көп іше берме дейді. Ал сен дайындап берген тамақты тойып ішіп алып, дым демей кете береді. Сенің құмыраға гүл салғаныңды да сезбей қалады. Махаббат жоқ деген – ештеңе істеуге болмайды. Ашуға тиетін, бөгет болатын, себепсіз кірісе беретін, миды ашытатыныңды бетіңе басады, бұрышқа барып отыр, керек кезде серуенге алып шығатын сәтті күт дегенді білдіреді. Қыңсылай берме, ренжіме, жылама – тыныш отыр да күт. Саған жақтаспайды, керісінше: өзің кінәлісің! – деу махаббат жоқ дегенді білдіреді.

Ештеңе сыйламаса – махаббат жоқ болғаны. Саған ақшасын қимаса – махаббат жоқ болғаны. Жек көру емес. Бұл одан да жаман. Өйткені, жек көру үшін себеп керек. Мысалы, қызғаныштан жек көреді. Ондайда кетісуге болады, есеңді қайтаруға болады. Ал жақсы көрмеу – жайдан жай. Бірақ «қойшы болды, сүйем дедім ғой, тағы бастадың ба» деп жатады. Дәл осынысы – махаббат жоқ деген сөз. Махаббат жоқтан ішқұса болады. Одан адам өледі. Әсіресе, қарттар, балалар, иттер. Сосын сезімтал, қорғансыз адамдар да өліп кетуі ықтимал. Беймахаббат адамды нәзік, тұйық, ебедейсіз, сұрықсыз етеді. Ол бәрін құртып алуға қорқады. Бөгет жасауға, ашуына тиюге... Түк істей алмайды. Шамаң келсе – кетіс. Немесе бұл махаббат емес екенін түсініп жүр. Махаббат емес.

Аударған Шынар Әбілдә

Ерекше баланы тәрбиелеу
Әйелдік қуатыңды дұрыс жинап, дұрыс жұмсай аласың ба?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу