Әйелдік қуатыңды дұрыс жинап, дұрыс жұмсай аласың ба?

Oinet.kz 11-11-2019 935

әйел қуаты.jpg

Жаттығу-мақала

Әйелдің қуатын жинау туралы сан алуан мақала бар. Бір күнде неше түрлі тәсілдер қолдануға болады. Қайсысы тиімді екенін біліп аларсыз.

Маған әйелдер құмыраны еске түсіріп тұрады – сымбатына қарап-ақ қуатын қалай жұмсайтынын айтып беруге болады. Сабақта жасайтын бір жаттығуымыз бар еді – өзіңді құмыра етіп салу. Қыздардың салған құмырасы олардың ерекшелігін көрсетіп тұрады. Бар жұмысты қоя салыңызда, құмыраның суретін салыңыз. Қандай боп шықты? Пішіні қандай? Түсі қандай? Қандай материалдан жасалған? Толып тұр ма? Немен толтырдыңыз? Құмыраны салып болып, ары қарай оқысаңыз, өзіңізге пайдалы болады.

Енді өзіңіз салған құмыраға мұқият қараңыз:

• Құмыраның түбінің кеңдігі сіздің қуатты жинай алатын қабілетіңізді көрсетеді.

• Мойнының кеңдігі сол қуатты беру қабілетіңізді көрсетеді.

• Құмыраның нендей заттан жасалғаны сіздің күшіңіз (темір, хрусталь) немесе осалдығыңыз (фарфор, әйнек) туралы айтады.

• Құмыраның толып тұруы – қазіргі жинаған қуатты көрсетеді.

• Немен толтырғаныңыз – сапасын көрсетеді. Құмыраны толтыратын ең жақсы дүние – су не сүт.

Кей қыздың құмырасының түбі тар болады – мұндай құмырада қуат жинақтай алмайсың. Біреудің құмырасының мойны кең – бар күшін басқаларға таратып береді. Біреусінің түбі әдемі келсе де мойыны тым жіңішке болады – яғни, жинағанын дұрыс бере алмайды, ауызекіде мұндайды сараңдық дейді. Кей әйелдің құмырасы ойдым-ойдым боп тұрады, мұндай ыдыстан бәрі басқа жаққа ағып кетеді. Мұндай тесіктер жүректегі жараны білдіреді. Немесе бізге күш жинауға кедергі келтіретін әдеттегі механизмдер.

Осы жаттығудан күш-қуат жинау мен жұмсаудың қаншалықты маңызды екенін байқайсыз. Жинайтын қуатты қалай, қайда жұмсау керек?

Бірнеше нұсқасы бар.

1. Әйел үшін ең жақсы нұсқа – жиған қуатын еркекке беру. Еркектер қуат жинай алмайды. Бойдағы қуатын түрлендіре алмайды. Олар қуатты не Тәңірден, не әйелден, не сүйікті ісінен алады. Сондықтан әйел еркекке таусылмас қуат беріп, шалқар шабыт сыйлай алады. Қаласа, жинап, еріне береді.

2. Екінші нұсқа – жиған қуатты өзіңді жетілдіруге жұмсау. Сүйікті ісіңе, кәсіпке, түрлі жобаларға, өзіңді тануға. Бұл да жаман емес. Егер өміріңде өзіңді танудан басқа тағы бірдеңе болса ғана. Себебі, бұл шектен тыс өзімшілдікке соқтыратын жол.

3. Үшінші нұсқа – ел мен қоғамға, адамзат баласына қызмет ету. Тереза ана солай еткен. Кейбір монахтар, әулиелер, діни қызметкерлер сөйтеді.

4. Төртінші нұсқа – бала. Бар күш-қуатыңды балаға беру. Бірақ балаң өсіп кеткен соң өмірдің мәнін жоғалтып аласың.

5. Тағы бір нұсқа бар – қуатыңды шашып алу мүмкіндігің. Бос әңгімеге, керексіз міншілдікке, айыптауға, өсек-өтірікке, сараңдыққа, тәкәппарлыққа салынсаң. Бұл тұйық көше. Бірақ көп әйелдің қуаты көбіне сол көшеде шашылып қалады.

Ольга Валяева

Аударған Шынар Әбілдә

Беймахаббат
Құрбақаның құпиясы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу