Сүйікті бол!

Oinet.kz 12-11-2019 768

сүйікті болу.jpg

Елдің көзінше еш ұялмастан қолыңнан ұстап, маңдайыңнан сүйетін жігітті жолықтырғанша, жалғыз бол.

Сені ата-анасымен таныстыруға асығатын, достары жолықпай тұрып сен туралы бәрін білетін жігітті жолықтырмайынша, жалғыз бол.

Саған керек кезде бар жұмысын тастап, сенің жаныңнан табылуға асығатын жігітті жолықтырғанша, жалғыз бол.

«Үйге жеткенде хабарлас» деп, сен бір хабарын бергенше ұйықтамай күтетін жігітті жолықтырғанша, жалғыз бол.

Әкеңе еш қымсынбастан таныстырғың келетін жігітті жолықтырмайынша, жалғыз бол.

Сені өзгертуге құлшынбайтын, сенің қоңырауларың мен хаттарыңа дер кезінде жауап қататын жігітті жолықтырмайынша, жалғыз бол.

Уақыт өткізіп, әншейін ойын ойнамайтын, саған әрдайым тек шындықты айтатын жігітті жолықтырмайынша, жалғыз бол.

Сені сыйлайтын, әрқашан сөзінде тұратын жігітті жолықтырғанша, жалғыз бол.

Өзінікі бұрыс болса, кешірім сұрай білетін, еш себепсіз жұмысыңа гүл жіберетін жігітті жолықтырмайынша, жалғыз бол.

Ол үшін артық болуға ынтаңды оятатын жігітті жолықтырмайынша, жалғыз бол.

Сені жетілуге, көп білуге құлшынысыңды оятатын жігітті жолықтырмайынша, жалғыз бол.

Саған мүлтіксіз сенетін, өзіне де ешбір күмән тудырмайтын жігітті жолықтырмайынша, жалғыз бол.

«Сені сүйем» дегенді сенен бұрын айтатын, осы сөзді айту үшін түк себеп іздемейтін жігітті жолықтырғанша, жалғыз бол.

Сенен ажырап қала алмайтынын әрдайым дәлелдеп отыратын жігітті жолықтырмайынша, жалғыз бол.

Өйткені, ол ең қиыны сені жаулап алу емес, үнемі бірге болудың маңызды екенін тиянақтап отырады.

Оның жанында жайдан жай отырғанда өзіңді ғажап сұлу сезіндіретін жігітті жолықтырмайынша, жалғыз бол.

Жан-жүрегіңді елжірететін, тұла бойыңды балқытатын жігітті жолықтырмайынша, жалғыз бол.

Сенің бүкіл стандартыңды бастан-аяқ өзгертіп, ешкіммен салыстыруға келмейтін жігітті жолықтырмайынша, жалғыз бол.

Онсыз өмір сүре алмайтын жігітті жолықтырмайынша, жалғыз бол.

Аударған Шынар Әбілдә

Дос жоғалту – рухани өсудің белгісі
Керек адам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу