Текпен берілетін қорлық

Oinet.kz 12-11-2019 1128

Ер адам әйелі үшін әрбір әрекетімен қызмет қылады. Тіпті жаман қылығымен де: ішкіштігімен, жұмыссыздығымен, ұрып-соғуымен. Ер адам – әйелдің айнасы, сол айнадан ол өзі туралы білгісі келмейтін шындықты көреді. 

сезім.jpg

Ең сорақы деген отбасылардың өзінде, ит пен мысықтай тұратын еркек пен әйел бір-біріне қызмет етеді екен. Олар – бір-біріне өз бойындағы кемшілігін мойындамайтынын көрсететін айна. Екі адамның бір-біріне берері бар кезде бірге болады. Мүмкін берері: қайғы, қорлық, зорлық болар... Бірақ ажырасып кетпейді. Оның себебі: ата-бабасының тарихында. Бұл екеу ата-бабаларының қателігін сүріп жатыр. Өз махаббатын әйеліне, еріне емес, керісінше: әжесіне, атасына, анасының аборт жасаған баласына көрсетіп жатқаны. Егер өзіңізді дамытпайтын, үнемі қорлайтын, ұратын адаммен ажырасып кете алмасаңыз, онда сіздің жүрегіңіздегі ата-бабаларыңыздың заманынан қалған, текпен берілген жаралы, өкпелі балаларды – сізді жібергісі келмейтін жауыздың қолымен шығарып жатқаныңыз. Өте өкінішті, бірақ шындық солай... Сізге күн көрсетпейтін жауызға алғыс айтуды ұмытпаңыз. Оның тегінде де сондай қиындықтар бар. Сол үшін сіздер әлі де біргесіздер.

Марк Ифраимов

Аударған Шынар Әбілдә

Қонаевтың әйелін қорлаған бастықты орнына қойған Заманбек Нұрқаділов
Жігіттің жігіт болмағы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу