Даналық

Oinet.kz 13-11-2019 876

Жылқы су ішкен жерден су іш. Жылқы қасиетті, ол лай суды бас салмайды. Мысық жатқан жерге төсек салып жат. Құрт түскен жемісті же. Шіркей қонған саңырауқұлақты тер. Көртышқан қазған жерге ағаш отырғыз. 

даналық.jpg

Жылан жылынған жерге үй сал. Аптапта құс ұя салған жерден құдық қаз. Тауық жатқанда жатып, тұрғанда тұр. Көктен көп же, аяғың мықты, жүрегің шыдамды болады. Суда жиі жүзу керек, сонда жерде өзіңді судағы балықтай сезінесің. Көкке көз сал, аяқ астына емес. Ойың таза, тұнық болады. Аз сөйле, көп тыңда. Сонда жаныңа тыныштық ұялайды. Жаны тыныш жанның рухы күшті, сабырлы болмақ.

© Серафим Саровский

Аударған Шынар Әбілдә

Конфуцийдің өмірден түйген тоғыз сабағы
Баян Мақсатқызы қыздарын сөзбен емес, нақты іспен тәрбиелейтінін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу