Баян Мақсатқызы қыздарын сөзбен емес, нақты іспен тәрбиелейтінін айтты

Oinet.kz 13-11-2019 1329

Баян Мақсатқызы.jpg

Баян Мақсатқызы қызына қатысты бір оқиғаны бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz бағдарламасына сілтеме жасап. 

Продюсер 45 жыл өмірінде әкесінің аузынан бір де бір рет ауыр сөз естіп көрмегенін айтады. 

«Жақында, өткен жылы менің қызым мұғалімге дөрекі сөйледі. Мектептен маған хабарласып айтты. Шынымды айтайын, мен үшін бұл күтпеген жағдай болды. Оқытушыға ештеңе айтпадым, «Жақсы, кешірім өтінемін» дедім. Қызыммен сөйлестім.

«Қызым, сен менің өзімнен үлкен адамға дөрекі сөйлегенімді көрдің бе?» деп сұрақ қойдым. Жай ғана есіңе түсіріп көрші. Ол отырып-отырып, бір кезде «Ешқашан көрмедім. Ешқашан» деді. «Онда сен неге мұндай қылық жасадың?» деп сұрадым. «Білмеймін. Енді ешқашан олай жасамаймын» деп жауап берді. Мен оның сөзінде тұратынына сенімдімін», - деді Алагөзова. 

Әрі қарай ол ата-аналарға баласын тәрбиелеудің жолын айтты.

«Сондықтан аналар «Менің балам мұндай, ол неге осындай?» деген кезде, мен әрқашан «Өзіңізге қараңызшы» деп айтамын. Балаңыз үшін бұл қалыпты жағдайға айналатындай сіз қандай әрекетке бардыңыз?» деп», - дейді продюсер. 

Баян Алагөзова қыздарының кейде боғауыз сөз айтатынын жасырмады.

Даналық
Михаил Лабковский: «Есі дұрыс адам күйеуге шыққысы келмейді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу