«Динараға 100 есе қиын болды»: Сәкен Майғазиев 15 жыл перзент сүйе алмағаны туралы

Oinet.kz 07-06-2020 9190

Сәкен Майғазиев 15 жыл перзент сүйе алмағаны туралы айтып берді

news_full15676506207f374b69ad656618aefb309c4dcbe977.jpg

"МұзАрт" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев пен келіншегі үлкен ұлдары Әділеттен кейін балалы бола алмай біраз қиналған. Қанша дәрігерге емделіп, денсаулықтарын қалпына келтіреміз деп отбасының бармаған жер, баспаған тауы жоқ. Осындай қиын қыстау күндерді есіне алған әнші 15 жылдың қалай өтіп кеткенін байқамай қалдық дейді. 

"Израилден, Кореядан, Германиядан дәрігер келіпті деп артынып-тартынып жүгіре беретінбіз. Себепкер болып кетер деп тілеп жүрміз. Маған қаншалықты ауыр болса, Динараға 100 есе ауыр болды. Мен оның жанын түсінемін. Нәтиже болмағаннан кейін, бұл кісінің көңіл-күйі түсе бастайды. Керісінше жоқ, деніміз сау болсын, Әділетіміз аман болсын, Әділеттен көп немере-шөбере көреміз деп айтатын едім", - дейді Сәкен Майғазиев. 

Бірақ жаратқан отбасын 15 жыл сынағаннан кейін үш қыз сыйлап қуантқан. Сәкен Майғазиевтің келіншегі осы 15 жыл уақыт аралығында жарының үнемі өзіне қолдау көрсетіп отырғанын айтып берді. 

"Жылдар өтіп жатты. Адам білмей қалады екен. Кейін артыңа қарасаң ғана біраз уақыт өкенін байқайсың. Әрине Сәкен әрдайым "Әлі жаспыз, уайымдама" деп маған демеу болатын", - дейді әншінің келіншегі. 

Дереккөз: stan.kz

Қызым саған айтамын
Дана Нұржігіт Бейсен Құранбектің даусы жазылған хабарламаны жариялады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу