Актриса: Егер келесі Президент Дариға болса, мен бұл елден көшіп кетемін

IMG_6608.jpg

Танымал актриса Сая Оразғалиева билік төңірегінде ой білдіремін деп басы дауға қалды. Ол наурыз мейрамы қарсаңында әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған жазбасында билікті қатаң сынға алған. Бұл туралы juldyz-alem.kz хабарлайды. 

Әрине, елорданың атауын өзгертуге қарсылықтан бұрын, актрисаның сөзінде қаражатты дұрыс жерге жұмсаса екен деген тілек басым болды. Бірақ сөз соңында ол “қай елге кетіп қалсам болады?” деген сауал тастап, пікірлер бағанында да екіұшты тіркестермен жоғары жақты қағытып өткен. Дәл осы жазбадан соң, желіні Оразғалиеваның орынсыз әзілі шарлап кетті. Инстаақпаратқа сенсек, Сая “Егер келесі президент Дариға болса, мен бұл елден көшіп кетемін” деп кесіп айтқан. Оқырмандар пікірі екіге жарылып, оны ашық айтқан ойы үшін мақтап жатса, біреулер, “сені ұстап тұрған ешкім жоқ, қазір кет” деп ашуға мінді.

0d79983a0d0343a18d1c26f5c31f5a81.jpg

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Хан әділдігі
  • Сізде көп нәрсе жоқ... (ой салатын оқиға)
  • Құпияға толы құйымшақ сыры
  • Балаға берілген тәрбиенің маңызы
  • Желтоқсан құрбандары. Ербол Сыпатаевтың ерлігі
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика