Танымал кәсіпкер әйел үшінші күйеуімен ажырасқаны үшін енесін айыптады

Oinet.kz 12-04-2019 1295

Screenshot_15.jpg

Instagram желісі арқылы танылып, бірнеше кәсіп ашқан Айнұр Нұрсейітова үшінші мәрте ажырасуына шын мәнінде не себеп болғанын ашып айтты. Екі баланың анасы отбасының шайқалуына енесі кінәлі екенін алға тартты. Танымал ару үшінші некесінде болған қиын жайттар жайлы жан сырын ақтарды деп жазады  kaz.nur.kz

Ата-енесінің қарсылығына қарамастан күйеуінің қасында болған сылқым, қолынан келгенше отбасын сақтап қалуға тырысқанын айтады. Алайда, жолдасының анасы ақыр-соңы өз дегеніне жеткен.

"Біздің ажырасуымыздың басты себепкері - оның анасы болды. Мен кетпес едім. Бірінші рет ұрысып тұрған жоқпыз ғой деп ойладым. Бірақ, енем менің үйден кетуімді талап еткенде бәрі де аяқталды. Алды да мені біздің пәтерден қуып шықты. Ол пәтерді жолдасым екеумізге оның әжесі тарту еткен. Үйдің ішін мен өз қаржыма әсемдеп, жөндеу жұмыстарын жасағам.

Мен ол кісіге біз өзіміз тұрып жатырмыз ғой, сіздерден көмек болған да жоқ. Бұл біздің пәтер ғой дедім. Ол кісі болса "жоқ, бұл менің пәтерім, кет" деді. Бұл Дубайдан кейінгі келіспеушіліктен туындаған оқиға. Ол бар-болғаны сабырлық таныта алмады. Ашуға берілді.

Қазір ол кісі өкініп те жүрген болар. Мен өкініп жүргені туралы көп әңгіме естідім. Ол кісі менен өзі кешірім де сұраған. Бірақ, менің қолымнан келмеді. Мен қандай мықты болсам да, мұндай жағдай маған ауыр тиді. Мені "қалай?" және "не үшін?" деген сұрақтар мазалады. Не үшін мен жанұя болуымыз үшін барымды салдым? Егер күйеуім мені осылайша сатып кетсе" , - деп көз жасын тыя алмады Нұрсейітова.

Сұхбатының соңында желі жұлдызы бұл күндердің артта қалғанына қуанышты екенін айтты. Ол бұрынғы күйеуі мен оның отбасына кек сақтамайтынын жеткізіп, өмірінің мұндай қиын кезеңіне де айтар алғысы бар екенін алға тартты. Айнұр одан бетер мықты болып қана қоймай, бастысы қызды болғанына аса бақытты.

Екі баланың анасы келесі қарым-қатынасында үш некеде жіберген қателіктерін қайталамайтынын айтты.

Ізім-ғайым жоғалған әйгілі тұлғалар
«Мен үшін жүрегің неше рет соғады?» Нұрболат Абдулин өзін бойдақ сезінеді ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу