«Эйр Астана» қызметкерін «ұрған» «Дос-Мұқасан» әншісі оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Oinet.kz 17-04-2019 1570

Screenshot_4.jpg

"Дос-Мұқасан" тобының әншісі Мұрат Құсайынов елорда әуежайында "Эйр Астана" қызметкерімен болған оқиғаға қатысты пікір білдірді деп жазады Тengrinews.kz

Танымал ансамбль жетекшісі оқиғаның қалай болғанын өзі баяндап берді.

Музыкант әуекомпания қызметкерімен дөрекі түрде сөйлескенін мойындады. Алайда, айтуынша, ол ешкімге қол көтермеген.

Мұрат Құсайыновтың сөзінше, ұрыс-керіске әуекомпания қызметкерлерінің ұшаққа мінбес бұрын аяқ киім мен шұлықты шешуді талап еткені себеп болыпты. Әртіс ондай әрекеттен бас тартқандықтан, рейске өтпей қалған.

"Олар дөрекі түрде аяқ киім мен белдікті шешуді талап етті. Мен сканер арқылы тексеруді сұрадым. Бірақ, олар мені қасақана кемсіткісі келді. Олардың ойлағаны іске асты. Мен шешпей қойдым", - деді ол.

Оның айтуынша, бұл оқиғадан кейінәуекомпания полицияға шағым түсірген. Сондай-ақ, Құсайынов "Эйр Астана" қызметкерлерінің бар кінәні өзіне жаба салуды көздеп отырғанын алға тартты. Танымал әнші әуекомпанияға арыз түсіріп, "Эйр Астананы" сотқа бермек.

Шардаралық келіншектер арқан арқылы босанып жатыр
Луина сүйіктісінен 7 жас үлкен екенін мойындады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу