Біржынысты неке, гей-парад, гей клуб - Құдайсыздық дүрмегі

Oinet.kz 28-05-2019 1792

Screenshot_5.jpg

Біржынысты неке, гей-парад, гей клуб...  Қазақ қоғамы осы бір құдайсыздықтың, тексіздік пен ұятсыздықтың дүрмегіне ілесе бастаған сияқты...

Алдымен аз-кем деректерге тоқталайық: Еуропа елдері басшыларының ішінде өзінің «біртүрлі» екенін алғаш рет көпшілікке ашық түрде мәлім еткен Йоханна Сигурдардоттир есімді әйел. Исландияның премьер-министрі 2010 жылы елде біржыныстылардың некесіне рұқсат етілген бойда өзінің 2002 жылдан бергі аралықта бірге тұратын,  өліп-өшіп жүрген ғашық жары, журналист қыз Йонина Леосдоттирмен арадағы некесін заңды түрде бекітті. Жуырда Люксембургтің 42 жастағы премьері Ксавье Беттель 39 жастағы бельгиялық сәулетші жігіт Готье Дестенэмен некелескенін бүкіл әлемге жар салып, сүйінші сұрады. Қазіргі уақытта гей-неке Еуроодаққа қарасты 28 елдің 9-ында және бұдан бөлек Норвегия мен Исландияда заңдастырылған. Кейбір ақпараттарға қарағанда әлемде біржыныстылық қарым-қатынасқа немесе үйреншікті тілмен айтқанда гомосексуалдық байланысты заңдастырған елдердің қатары 113-ке жеткен. Бұлардың ішінде бірде-бір мұсылман елі жоқ. 

Қайта Иран, Йемен, Мавритания, Сауд Арвабиясы, Судан сияқты елдерде мұндай сұмдық әркет үшін қатаң жаза көзделген. Нигерияда, Сомалиде гейлерді өлім жазасына кеседі. Ал Қазақстанның бұл бағыттағы ұстанымы қандай?

Қазақстанда ЛГБТ (гомосексуалдар, бисексуалдар және трансгендердің) қауымдастығы мүшелерінің әрекеттеріне заңымен тыйым салынбағанымен, мемлекет біржыныстылардың некесін мойындамайды және мұндай неке тіркелмейді. Дегенмен Қазақстанның ірі қалаларында гей клубтар жұмыс істейді. Олардың кейбіреулерінің арнайы сайттары бар. 2013 жылдың 3 қазанында Қарағандыда алғаш рет гейлердің күні атап өтіліпті. Уақтысында Мәжілістегі депутаттары  Алматыда 20, Астанада 4 гей клуб жұмыс істейді, еліміздегі 240 мың гей мен лесбиянка барын мәлімдеп, біржыныстылық қарым-қатынасты қылмыс деп тануды ұсынған еді. Өкінішке қарай, депутаттардың осы ұстанымы одан жоғары тұрған құзырлы орган басшыларының көзқарасымен үйлеспейтін болып шықты. Таратып айтайық. 

Батыстық ақпарат құралдары бір жыныстылықты насихаттауды «гей-насихат» деп атайды. 18 мамыр күні Қазақстан Конституциялық Кеңесі «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау» туралы заң жобасының «табиғи заңнан тысқары жыныстық қатынастарды насихаттауға тыйым салу» туралы тарауын Конституцияға сәйкес емес деп тапты. Кезінде осындай заң Ресейде қабылданып, Мемлекеттік Дума мен президент Путинге Батыс елдері «бір жыныстылардың құқығын таптап жатырсыңдар» деп шүйліккен болатын. Қазақстан Конституциялық Кеңесі бұл тарауды «анық екшеленбеген, бұл түрінде бірқатар конституциялық ережелердің бұзылуына себеп болуы мүмкін, сондай-ақ тараудың орыс тіліндегі мәтіні мен қазақ тіліндегі мәтінінің арасында сәйкессіздік бар» депті. Бұл ақпаратты таратқан Би-Би-Си радиосы осындай «тарихи шешім» қабылданған күннің ертеңіне, яғни 19 мамыр күні Қазақстан Конституциялық Кеңесінің төрағасы Игорь Роговтың Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэролин Браун ханыммен кездескенін айтуды «ұмытыпты.

Oinet.kz мұрағатынан, 2015 ж

Оңтүстікте 106 этнос тұрады
Жығылған қарттың жан азабы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу