«Қызға қырық үйден тыйым»

Screenshot_14.jpg

Бір отбасының ғана емес, бір рулы елдің, қала берді, бүтін бір ұлттың ұлт болып қалыптасуына әсер ететін тұлғаның ана екені даусыз. Ол – қай қоғамның болсын, басты күретамыры. Ананың аялы алақанының жылуы арқылы біз мейірім мен шапағатқа бөленеміз. Ол – аналық махаббаты мен ана сүті арқылы ұлттың асыл қасиетін де, ата-баба өсиетін де, асыл діні мен ана тілін де, салты мен ділін де ұрпақ бойына дарытатын жан. Ал бүгінгі ана – кешегі бойжеткен қыз – ертеңгі асыл әже. Демек, бүгінгі қыздардың қолында бүкіл бір ұлттың тағдыры мен болашағы тұр. Біз ибалы да инабатты, тәлім-тәрбиелі қыз өсіру арқылы қазақтың ұрпағын тәрбиелеп отырмыз. Бірақ, сол болашақ ана атанар қыздарымыз жұрт алдында ізеттілігімен көзге ілігіп жүр ме, әлде…  Атам қазақ ұрпақ тәрбиесіне ерекше ден қойған. Шарананы құрсақтан тәрбиелеп, ата салтын бойына дарытқан. Әсіресе, қыз баланың тәрбиесіне баса көңіл бөлген. Себебі – бүгінгі бүлдіршін қызды «ертең ибалы келін, одан соң абзал ана атанады» деп тәрбиелеген. Аналар қыздың киім киісіне, жүріс-тұрысына, қай ортада болсын, өзін-өзі қалай ұстау керектігін, үлкеннің алдын кесіп өтпеуді, кішіге ізет көрсетуді құлағына құйып отырған.  Адамзаттың ұлы анасы, ортақ анасы – Хауа ана да қыз болған. Бүгінгі қыз – ертең бір әулеттің оң жағын қызартып, отау тігетін келіні. Сол келін өмірге ұрпақ әкеліп, ақ жаулықты ана атанады. Ал аналар – елдің тәрбиешісі, ұлттың беломыртқа­сы, берекенің бесігі. Іргетасы мықты соғылған үйдің ұзаққа шыдайтыны секілді, жақсы тәрбиенің қаймағын қалқып ішкен қыздан көргенді келін, білікті ана шығады Парасатты ананың тіккен шыбығынан бәйтерек өсіп, арғы ұрпағына саясын түсіреді. Осының бәрін терең ойлап, алыстан зерделеген бабаларымыз «қызға қырық үйден тыю, қала берді қара күңнен тыю» деген екен.

Қыз баланың ақылды да инабатты, өнерлі де өнегелі болып толысуына ата-анамен бірге ағайын-туған, ауыл-аймағы да жауапты екенін айтады. Қызды тектеп ұстауды меңзейді. Тыю деген, міне, осылардан құралады.

Ата-бабаларымыз ”қыз қылығымен” деп, әдептi, инабатты, арлы болуын қалаған. Қыз баланы 6 жасқа дейін ханымдай сыйлаған, 16 жасқа дейін күңдей жұмсаған, 16 жастан бастап досындай сырласып, сыйласқан. Яғни қыз баланы 6 жасқа дейін бетінен қақпай еркелетіп, ойын арқылы ойын біліп, көңіл бөліп тәрбиелеген. Ата-ананың мақсаты — әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру, әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеген  «Қыз ұяты – қауымның намысы»,  «Қыздың жолы жіңішке», Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр, әрі ардақты. Ол – адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап, жар күтетін адал жар, ата-ене сыйлап, иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын-қаламасын, бұл — өмір заңы. Адамдық қасиеттерді бойына сіңіре білген жандардан тараған ұрпақ ақыл мен алғырлықтың бүкіл бітім-болмысын одан ары қарай жалғастырады.

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар, Ата – ананың қызынан ғапыл ал­ма, — деп жігіттерге кеңес береді. Арын сақтаған, ақылды, ұяты бар, ата – анасының тәлімін алған қыз ба­ла­дан болашақта жақсы жар, иба­лы келін, ая­у­лы ана күтуге бо­ла­ды. Сол үшін қазіргі кез – кел­ген ата – ана өзінің ұл – қызының тәлім- тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарауы ке­рек. Тәрбие де­ген тек олар­ды тамақтандырып, киіндіру емес, ол – ру­ха­ни ақыл – сезімі жоғары, ар  — ұяты биік, иман­ды ұрпақ тәрбиелеу. Сондықтан «қызым сән қуалап жүр еді» деп «шоқ ба­сып» қалмауынан сақтануымыз ке­рек. Ата-ана қызынан ешнәрсені аямайды. Оның ешнәрседен мұқтажсыз, бұла өсуін қадағалайды. өйткені қызға бергенді қызыр өтейді деп біледі. Сонымен бірге қазекең қызды бетімен де жібермейді. «Қызды қымтап ұстаған ұялмайды» дей отырып, оларды қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай өсіруды парыз санайды Қыз бала тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қарау қажет. Бүгінгі қазақ бойжеткендері ертеңгі еріне адал жар, балаларының анасы. Олардың бойында имани тәрбие болғанын қалаймын. Бүгін ол қыздар өнегелі тәрбие алса, ертең ұрпақ тәрбиелейтін қазақтың дана аналарына айналары сөзсіз.

Қыз – бүкіл ұлттың анасы. Сондықтан ұлттың анасы үлгі тұтарлықтай болуы керек. Қыз бала үмбет таратушы, отбасының шамын жағушысы, түтінін түтетушісі. Егер ер бұзылса - жанұя бұзылады, қыз бұзылса –бүкіл дүйім ұлт бұзылады. Адамның тәрбиелі болып қалыптасуына екі күш әсер етеді: ол тегі мен ортасы. Кімнің тегі жоқ дейсің, жақсы ортада болуға тырысу керек.

Мөлдір Алдашүкірова,

Түркістан медицина колледжі

Мұрағаттан, 2016 ж

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Гүлнәр Салықбай. «Тамшылар, тамшылар...»
  • Асыранды
  • «Мен есейгенде...»
  • Тоқаш ұрлаушы
  • Майда ақша
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика