Ондай адамнан қаш!

Oinet.kz 24-09-2019 1799

Screenshot_14.jpg

Тұрыса алмайтын жігіттер болады. Сөзінде тұра алмайтын, уәдеге берік емес, өмірдің қиындығына қарсы тұра алмайтын, өзінің сүйіктісін де құшағында ұстап тұра алмайтын жігіттер бар. Сондықтан, алтыным, қарым-қатынастың тамырын тереңдетпей тұрып өз адамыңды танып-білген абзал. Тұрыса алмайтын жігіттер өзін бірден көрсетеді. Сенің кезекті әзілің, болмашы еркелігің, бітті, оның көзінен қара түнекті көресің. Ол сен үшін күреспейді. Одан ешбір бастама күтпейсің. Таңдау керек кезде бәрін сенің мойыныңа арта салады. «Өзің таңда». 

Ондай жігіт титтей қиындық болса, қолыңды жібере салады. «Өзің ғой...» 

Егер оған өзің жазбасаң, хабарласпасаң – ол өздігінен хабарласпайды. Бір қарағанға бар сияқты. Бірақ шын мәнінде ол жоқ. Оның жанында жүргенде өзіңді керек сезінбейсің. 

Мәселе, тек инфантильділік пен жауапсыздықта емес, бәрі тілекке, ынтаға, ниетке байланысты. Көзінде оты жоқ адаммен отбасы құруға болмайды. Көшбасшы болуға ұмтылмайтын, өмірде сен үшін күреспейтін адамға жолама. О баста қиындық пен түйткілді шешудің орнына басын алып қашуға бейімделген адамнан безін. Ол өзгермейді. Оның жүрегіне жамау сала алмайсың. Жақсылықты үйрете алмайсың. Жүрегі мұз адамнан жылу күтпе. Ондай адамнан қаш.

Арсений Михайлов

Аударған Шынар Әбілдә

Қалған көңіл - шыққан жанмен тең
Байлық, бақыт және ақыл туралы тәмсіл
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу