Финляндияда қарда жүн шұлықпен жүгіру трендке айналды

Oinet.kz 16-02-2021 1073

Карантиндік шектеудің әсерінен тұрғындар спорт залға бара алмаған, есесіне далада жүннен тоқылған шұлық киіп алып жүгіре бастаған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

3b2f90d301f37afc7946627fbdb4d248_L.jpg

Финляндияда биыл жылдағыдан екі есе қалың қар түскен. Ел астанасы Хельсинкиден 35 шақырым жерде орналасқан Нууксио ұлттық паркі желаяқтардың мекені болып табылады. Сондай-ақ індет басталғалы Финляндиядағы қыз-келіншектер  үйде бос отырмай, шұлық тоқуды  қолға алған. Ал салауатты өмір салтын ұстанатын спорт сүйер қауім бірнеше шұлықты қабаттап киіп алып, қарда жүгіруді әдетке айналдырған. Олардың айтуынша жүгіру тек спорт түрі емес, сондай-ақ адамды бір сәтке сергітіп бақытқа бөлейді. Сонымен қатар табанға массаж жасалады және еркіндік сезіледі.


Беннасер об Ибрагимовиче: он, однозначно знаменосец нового поколения талантов
Футболист «Астаны» может перейти в клуб чемпионата Испании
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу