Неліктен марафонда 42 км жүгіреді?

Oinet.kz 10-09-2020 1411

Марафон – ашық    кеңістікте 42 км 195 м (26 миль 385 ярд) арақашықтыққа жүгіру. Ұзақ қашықтыққа жүгіру неліктен марафон аталды, неге қашықтық 42 км?


image.png

Марафон түбіндегі шайқас  490 жылы грек-парсы арасында өрбиді. Шайқаста гректер жеңіске жетіп Филиппид есімді сарбаз Афиныға дейін ңә шақырым жүгіріп барады. Филиппид «Афиндықтар, қуаныңдар! Біз жеңдік!»-деп айтып, жан тапсырған. Тұңғыш рет марафон жарысы 1896 жылғы алғашқы Олимпиада ойындарында өткізілген болатын.Филиппид олимпияда тарихында қалғанымен қоймай, алғашқы әскери журналист болып саналады.

image.png

Бастапқыда әр ойындарда жүгірістің ұзындығы өздігінен таңдап, маршрутқа байланысты болды. Ал 1908 жылы Лондон олимпиадасында ағылшын патшайымы Виндзор қамалының алдында марафонның басталуына дабыл берді. Корольдік отбасы жүгірісті оңай көре алатындай етіп, Лондондағы Уайт Сити стадионында корольдік трибунаның алдында мәре сызығын орнатты. Бұл қашықтық 1921 жылы ресми 42 км деп қабылданды.

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Қыркүйек айы туралы қызықты деректер
Адамға үйленбегендер... (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу