Емельяненко: «Нурмаганбетовке соққы техникасы жетіспейді»

Oinet.kz 09-09-2019 1655

Screenshot_4.jpg

Ресейлік боксер Александр Емельяненко әріптесі Хабиб Нурмагомедов пен американдық Дастин Порье арасында  болған жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған oinet.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Жеңіл салмақта өнер көрсеткен 30 жастағы Нурмагомедов үшін бұл жеңіс 28 шайқаста бағындырған 28-ші  белесі болса,қарсыласы  Порьенің  мансабындағы бұл алтыншы жеңілісі.

Спортшыны жеңісімен құттықтаған Емельяненко өз парақшасында: «Хабиб - жарады. Хабиб - чемпион. Жекпе-жек оңай болмады. Әйтсе де шыдай білді», - деп әсерін жеткізді. сонымен қатар Емельяненко өзінің отандасына деген алаңдаушылығын да жасырмады. «Оның әлсіз тұсы - соққы техникасының жетіспеуінде. Мейвезермен жекпе-жекке түсу үшін оған соққы тактикасын дамыту қажет», - дей келе, боксерлік төзімділіктің маңызды екендігін де айтып өтті. 

Видео мына сілтемеде.

Винокуров Францияда өткен веложарыста алтын медальді иеленді
Данияр Елеусінов жеңілмеген американдықпен шайқас алдында мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу