Хабиб Нурмагомедов енді немен айналысатынын айтты

Oinet.kz 20-11-2020 787

Белгілі файтер, жеңіл салмақта UFC абсолют чемпионы Хабиб Нурмагомедов алдағы жылдары жоғары білім алып, ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

image.png

Нурмагомедов 24 қазанда америкалық Джастин Гэтжиді жеңгеннен кейін карьерасын аяқтағанын хабарлаған еді. Ресейлік файтер ММА-де 29 рет жеңіске жетіп, бірде-бір жеңіліс таппады.

- Мен Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінде оқып жатырмын, келесі жылы бітіремін. Магистратураны бітіріп, білімге уақыт бөлгім келеді. Ауыл шаруашылығында жұмыс істегім келеді, қой, өгіз-бұзаулар алдым. Осы бағытта жұмыс істегім келеді. Әлемдік деңгейде емес, әрине. Бірақ бәрі мүмкін. Спортпен де кезінде тек жаттыға бастадым ғой, - деді спортшы бейсенбіде Дербент жастарымен кездесуінде.

- Мен пайдамды тигізе алатын нәрсеге қатысқым келеді, бұл үлкен саясат болуы міндетті емес. Қазіргі уақытта мен үлкен саясаткер болмай-ақ пайдамды тигізе аламын, бұл маған жеткілікті, - деді Хабиб.

Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны артты
СҚО-да «түсірілген» ұшақтың видеосы жұртты шошытты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу