Коронавирустан қорыққан Нурмагомедов алдағы жекпе-жектен бас тартты

Oinet.kz 02-04-2020

Ресейлік UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов "өз өмірін қатерге тігуден" бас тартып, Тони Фергюссонмен өтетін кездесу болмайтынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

ef432e0622ef01430d8e499b8f4468a2.jpeg

Тиісті жазба спортшының Instagram желісінде пайда болды. Жекпе-жектің өтпеуіне негізгі себеп - коронавирус салдарынан әлемнің көптеген елінде енгізілген карантин. Нурмагомедов барлық ел билігі азаматтарды коронавирус жұқтырып, өзге адамға таратпас үшін үйден шықпауға шақырып жатқанын алға тартты. Хабиб осы тұста өзінен "неліктен өз өмірін қатерге тігіп, еркіндік танытып, жекпе-жек үшін әлем аралап, жаттығу жасау қажет" екенін сұрайды. Спортшы кездесудің болмайтынына өкініш білдіріп, жанкүйерлерден өзіне түсіністікпен қарауды да өтінеді. Айта кетейік, бұл жаңалықты барлық желі қолданушысы жақсы қабылдай қоймады. Жанкүйерлердің кейбірі боксшыны қорқақ десе, екіншісі Хабибтен чемпион атағын алып қою қажет екенін айтты. 

Естеріңізге сала кетейік, Еуропалық футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) ресми түрде әлемнің басты еурокубоктары – Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасын тоқтатқанын мәлімдеді. 

- "Еуропада COVID-19 вирусының таралуына байланысты, сондай-ақ әртүрлі елдердің осы жағдайға қатысты қабылдаған шешімдеріне орай келесі аптаға жоспарланған УЕФА турнирлерінің барлық матчтары кейнге шегерілді", – делінген хабарламада. 

Декретте отырғандар 42 500 теңге ала ма: Министр жауап берді
Путин қашықтықтан жұмыс істеуге көшті

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×