Оқулықтарды шығаратын авторлар мен сарапшыларды арнайы оқытатын болды

Oinet.kz 17-10-2019 895

image.png

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мектеп оқулықтарында кеткен олқылықтарды мойындады, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

 «Оқулық мәселесіне тоқталар болсақ, ел Президенті биылғы Жолдауында оқулықтарды сынға алды. Иә, біз бүгінгі күні көріп отырмыз, сынды қабылдауымыз керек. Бірақ, айта кетерлік жағдай жаңартылған білім беру мазмұнына көшу аясында жыл сайын 3-сыныпқа арналған оқулық шығарылды. Олар әзірленді, сараптамадан өтіп, пәндік комиссияларда қаралды. Кейін басылып, мектептерге жеткізілді. Енді жаңартылған білім мазмұнына тек 10-сынып қана көшеді. Қазіргі уақытта солардың оқулықтарын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді вице-министр 

Оның айтуынша, жаңа оқулықтарды шығару барысында қателіктер жібермеу үшін бірнеше шара қолға алынған. 

«Біріншісі - қоғамдық бағалау. Бүгінде министрлік порталына барлық оқулық ашық түрде қоғамдық бағалауға шығарылған. Оны әрбір мұғалім, кез келген азамат көріп, бағалай алады. Екіншісі - оқулықтарды пәндік комиссияларда екі рет қарастыру. Біз бүгінгі күні оқулықтың сапасын реттеуге байланысты осы пәндік комиссияға қатысатын мүшелердің білімдерін жетілдіруді қолға алмақпыз. Одан кейін сарапшылық жұмыстар жүргізетін мамандарды да оқытамыз. Шынында оқулық жасау үлкен ғылым. Сондықтан сарапшылар да, авторлар да бөлек оқытуды қажет етеді. Бүгінгі күні осы жұмысты қолға алуды жоспарлап отырмыз», - деді Ш.Каринова.

Президент мәдениет және спорт министрін қабылдады
18 қазан – Рухани келісім күні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу