Студенттерге «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетіледі

Oinet.kz 20-10-2019 889

8e9d1dfcfc88945ad6834c93fbc40431.jpg

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде "бір терезе" қағидасымен жұмыс істейтін студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды.

Бұл "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалы мен Қыздар университеті арасындағы өзара ынтымақтастық меморандумы аясында іске асырылып отыр.

Орталықты филиал директоры Ғалым Қарқынбаев пен университеттің оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Еркін Жұманқұлова салтанатты түрде ашты.

Алдағы уақытта аталған орталықта оқу орнының студенттері "бір терезе" қағидасы бойынша бірнеше мемлекеттік қызметті пайдалануға мүмкіндік алады. Мұндағы қызмет жүйесі толығымен автоматтандырылған. Студенттер уақытын үнемдеп қана қоймай, мамандардан қажетті кеңестер алуға да қол жеткізбек.

Сонымен қатар екі жақты тиімді ынтымақтастық келісім бойынша білімгерлер мен қызметкерлер тәжірибе алмасудан басқа өзге де мемлекеттік қызметтерді онлайн алу мүмкіндіктері туралы дәрістер мен семинарларға қатысуға мүмкіндік алады. Тараптар кадрларды қайта даярлауды да жүзеге асыруға ниетті.

"Цифрлық болашаққа қарай қадам басу бүгін үлкен маңызға ие. Осы тарапта еліміз бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Меморандум аясында іске асқан бүгінгі шараны цифрлық болашақты шынайы етуге жасалған тағы бір нақты қадам ретінде қарастырамыз. Алдағы уақытта мемлекеттік қызметтерді онлайн алудың жаңа мүмкіндіктері туралы білім алғаннан кейін студенттер немесе оқытушылар мемлекеттік мекемелерге барып, уақыттарын жоғалпайтындығына сенімдімін", - дейді Ғалым Қарқынбаев.

Осы орайда айта кетейік, бүгінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы еліміздегі 12 жоғары оқу орнымен әріптестік орнатқан.

Нұрлан Нығматулин: «Елбасы қойған барлық міндеттер жүзеге асырылады»
Халықаралық рейтингте Қазақстан білім көрсеткішімен нешінші орында тұрғаны белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу