Беларусь Президенті: «Тоқаев Қазақстанды сүйетін саясаткер»

Oinet.kz 24-10-2019 907

image.png

Беларусь елінің президенті Александр Лукашенко отандық телеарнаға берген сұқбатында Қазақстан және Беларусь халқының ортақ тұсы көп екенін айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан мен Беларусь елінің қарым-қатынасы Лукашенко-Назарбаев қарым-қатынасымен ғана байланысты емес. Тың игеру кезінде белорустар қазақ жерінде жұмыс істеді, біразы қалды. Біз тек достыққа негізделген саясат жүргізуге тиіс болатынбыз", – деді Александр Лукашенко.

Сондай-ақ, Беларусь елінің президенті әріптесі Қасым-Жомарт Тоқаевпен қарым-қатынасына да тоқталды. Оның айтуынша, Тоқаевтың саясаты тек Қазақстанды ғана емес, барша ЕАЭО-ны дамытуды жалғастыруға бағытталған.

"Мен Тоқаевты Қасымаке деп атаймын. Ол өте жұмсақ, сауатты, Қазақстанды сүйетін саясаткер. Ол тек жалғастырып қана қоймай, еселендіре түседі", – деді Лукашенко.

Асхат Аймағамбетов: «Ғылым саласын қаржыландыру көлемі екі есеге артып отыр»
Тараз дүкендерінде бір бөлке нан 85 теңге тұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу