Тараз дүкендерінде бір бөлке нан 85 теңге тұрады

Oinet.kz 24-10-2019 1028

Картинки по запросу Бөлке нан

Жыл басынан бері Таразда бір бөлке нан бағасы 65-тен 70-теңгеге, сосын 75-теңгеге өкен болатын. Енді 85 теңгеге, яғни, 10 теңгеге қымбаттап отыр, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Болжам бойынша, нан бағасының өсуі астықты өңірлерде ұнның қымбаттауымен байланысты болуы мүмкін. Осындайда нарықты жіті зерттеп, зерделеу жүргізуге жауапты облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы қымбатшылыққа қатысты ресми ақпар беруден бас тартты. 

Қазір өңірдегі тұрақтандыру қорында ұн таусылған. Мамандар солтүстік аймақтардан арзан ұн мен бидай іздеп жатқандарын айтады. Ал, Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мамандары негізгі деген 6 наубайхана қожайындарына бағаны көтермеу жөнінде ескерту хатын әзірлеп жатыр. Олар барлық нан зауытында ұн қоры бір уақытта таусылды дегенге сенбейді.

Беларусь Президенті: «Тоқаев Қазақстанды сүйетін саясаткер»
Қазақстан мен Беларусь арасында сауда-саттық еселеп артатын болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу