Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға сапары талқыланды

Oinet.kz 30-10-2019 879

image.png

ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Чыңғыз Айдарбековпен кездесті, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Қырғыз-қазақстандық СІМ аралық консультацияларға қатысу мақсатында жұмыс сапарымен келген ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов Қырғыз Республикасының cыртқы істер министрі Чыңгыз Айдарбековпен кездесті.   

"Кездесу кезінде тараптар Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы Қырғызстанға мемлекеттік сапарын дайындау барысы, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, одан арғы іс-қимыл перспективаларын талқылады", - делінген хабарламада.  

Ахметжан Пірімқұлов: «Алматы қаласы қоқыс шығару тарифін 549 теңгеге көтерді»
Қазақстан-Нидерланды бизнес-форумына Асқар Мамин қатысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу