2020 жылы бүкіл ауылдық ауруханалар интернетке қосылады

Oinet.kz 06-11-2019 939

Картинки по запросу аурухана интернетСурет basov.com.ua сайтынан алынды

Нұр-Сұлтан қаласында өткен Digital Bridge форумында елордада ауылдық ауруханалардың барлығында интернет қосылатыны айтылды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Жиын аясында медицинаны цифрландыру бойынша панельдік сессия өткен болатын. Сала бойынша атқарылып жатқан шаралар профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, медициналық қызмет сапасын арттырып, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететіні айтылды», делінген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының Facebook-тегі парақшасында. Қазірдің өзінде аруханаға бару мобильді қосымшалардың көмегімен екі есе азайған. Дәрігерге электронды түрде жазылудың арқасында кезек қысқарған.

Бұған дейін «Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметі Қазақстанда ауылда тұратын 2,5 млн тұрғын және 2,5 мың мемлекеттік мекеме кең жолақты интернетке қосылатыны жөнінде мәлім еткен еді.

Бота Жәрдемәлінің Белгиядағы үйіне тінту жүргізілді
Ішкі істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйістер жасалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу