Асқар Мамин жаңа заң жобаларының сапасына назар аудару керектігін ескертті

Картинки по запросу Асқар Мамин

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспары қаралды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Әділет вице-министрі Н.Пан Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарының жобасы Елбасы Н.Назарбаевтың стратегиялық нұсқаулары мен Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмаларын ескере отырып әзірленгенін атап өтті. 

Құжат әлеуметтік қамсыздандыру, дене шынықтыру және спорт саласын, арнайы тауарларды бақылау, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары, визуалдық ақпарат және т.б. салаларды одан әрі дамытуға бағытталған 16 заң жобасын әзірлеуді қарастырады.  

Жоспарланған заң жобалары Президент Қ.Тоқаевтың жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарымен толық сәйкес келеді және халық үшін маңызды салаларда құқықтық қатынастарды жетілдіруге бағытталған. 

«Әділет министрлігіне салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, енгізіліп жатқан заң жобаларының сапасына ерекше назар аудару керек», – деді Асқар Мамин.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Белгілі математик сөзі мен ісі қабыспайтын діндарларды сынға алды
  • Баталов Қапшағайдың әкіміне қатаң сөгіс жариялады
  • Көлік кептелісіне мектеп оқушылары кінәлі екендігі анықталды
  • Еуразиялық одақ аумағында бірыңғай валюта енгізілмейді. Досаев нүкте қойды
  • Қазақстан мен Өзбекстан ЖОО-ларында ауған қыздарын оқыту бағдарламасы іске қосылды
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика