Тіл мамандары жаңа әліпбидің болашағын талқылап жатыр

Oinet.kz 06-11-2019 1254

image.png

Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіру керек"  деген тапсырмасын орындау мақсатында Алматыда "Қазақ тілінің жаңа әліпбиі: Тіл мамандарының ортақ тұжырымы" атты ғылыми тәжірибелік конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

«Тіл білім институтының жобасы  2016 жылы кітапқа тас болып басылып шыққан. Елбасының жарлығымен президент әкімшілігінің қаулысымен құрылған жұмыс тобының ұсынысы, Түркі академиясының ұсынысы және көптеген конференциялардың қортындысы бір жобаны ғана ұсынып отыр. Сырттан дау-дамай көп сияқты көрінеді. Ол жерде тіл мамандары дауласып жатқан жоқ. Өйткені қазақша ойлайтын, сөйлейтін қазақ тілін кәсіпке айналдырған мамандардың арасында ешқандай дау жоқ. Бәрі анық, өйткені біз тілімізді өзгерте алмаймыз», - дейді Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек. 

Жиынға Халықаралық Түркі академиясы, Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы және еліміздегі жетекші оқу орындарының тіл мамандары қатысып жатыр.

Асқар Мамин жаңа заң жобаларының сапасына назар аудару керектігін ескертті
«Терезаның күлкісі» Мәжіліс депутатына неге ұнамады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу