Сотта жеңілген Ләйла Сұлтанқызы халықтан 9 нәрсе үшін кешірім сұрады

Ләйла Сұлтанқызы.jpg

Нұр-Сұлтан қаласында Есiл аудандық №2 сотының судьясы Тобағалиұлы тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының шағымына байланысты істі қарап, әзілкешті ақтап шықты. Осы орайда, тележүргізуші кешірім сұрады. Ал не үшін екенін өзі желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Мен кешірім сұраймын ...жақсы ісімді мен жасадым демегенім үшін. Мен кешірім сұраймын ...бүгінгі қасымды кеше досым деп дем беріп, көтермелегенім үшін. Мен кешірім сұраймын ... елмен ұрысып, өзімді "керемет" қылмағаным үшін. Мен кешірім сұраймын ...айтқанымнан өзгелер сияқты жалтармағаным үшін.

Мен кешірім сұраймын ...жас қыз оқудан біз үшін шықпаса да, жаңа оқу орнына түсіргенім үшін. Мен кешірім сұраймын ...өтірік патриот бола алмағаным үшін. Мен кешірім сұраймын ...ащы да болса қоғамдағы барды бар дегенім үшін. Мен кешірім сұраймын ...кешірім сұрай алмаған және менен кешірім сұрамаған сәттер үшін. Мен кешірім сұраймын ...өзім сенген Төбедегіден және маған сенер халықтан», - деді Ләйлә Сұлтанқызы. 

Әрі қарай ол айтылған сөздің атылған оқпен тең екенін жеткізді. Айтуынша, осыдан 5 ай бұрын болған оқиға бүгінде өзектілігін жоғалтып үлгерген.

«Бүгін сот өз шешімін шығарды. Заңның аты заң. Апелляцияға беремін бе, жоқ әлде Азаматтық іспен қайта қозғала ма ол жағы уақыт еншісінде. Десе де, ел алдында "Арсыз" деп, "Билбордтағы суретіне лай-батпақ ату керек", "Апама-жездем сай", "Қандай ана екен?!" деп аналық ар-ожданыма дейін қол сұғып, желіге жария етіп, "Мен ештеңе айтпадым" деп, жазбаларын өшіре салу, жігіттікке жатпас.

Кей жерлерде үндемегенім, жасықтығым емес, үлкендігім еді. Осымен бұл оқиғаға нүкте қойдым. Ең бастысы - қыз оқып жатыр, жалғыз шешесінің жаны тыныш. Сот алдындағы жеңісің құтты болсын! Нұрболхан Шарапов, отбасыңа бақыт тіледім», - деп қорытты сөзін тележүргізуші. 

Сөз соңында «шоу көрген елді» өз жұмысымен айналысуға шақырды. 

Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 8 қараша күні, үш ай қаралған істің нүктесі қойылғаны туралы хабарлаған едік. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Зорлық-зомбылыққа қатысты жаңа заң жобасы таныстырылды
  • Алматыда есірткі жарнамаланған баннерлер ілініп тұрған
  • Қытай ашаршылықтан қалай аман шықты?
  • Кәмелетке толмаған қызға үйленсең, сотталасың
  • Аружан Саин педофилдердің аты-жөні мен суреттерін жариялауды талап етті
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика