Прокурор ерекше қажеттілі бар науқастарды қинаған медицина студентін бес жылға дейін соттауды сұрады

Oinet.kz 27-10-2023 980

Астана сотында ерекше қажеттілігі бар науқастарды қорлау туралы істі қарау жалғасуда. Тыңдау барысында прокурор сотталушымен хат алмасқан адамдармен онлайн байланысуды сұрады. 

Screenshot_4.jpg

Куәгерлердің бірі түсініктеме беру барысында айыпталушының ортақ чатқа жіберген видеосын көрмегеніне сендірмек болғанмен, сөз арасында жалған сөйлеп жатқанын білдіртіп қойды.

“Біз екі жыл бір сыныпта оқыдық. Сыныптастар чатында жай амандық-саулық сұрасатынбыз. Оның чатқа жіберген видеолары есімде жоқ әрі ол баяғыда болған оқиға. Видеоға қатысты не деп жазғаным есімде жоқ. Мен оның қайда жұмыс істейтінін де білмедім", - деді жігіт.

Сотталушының сыныптасы танысының қатыгездігін ешқашан байқамағанын айтты.

"Ол мұғалімдерге құрметпен қарайтын, сабақты жақсы оқыды, белсенділігімен ерекшеленетін", - деп атап өтті сотталушының сыныптасы.

Сот барысында сотталушының пациенттерге қатысты қорқыту кадрлары көрсетілді. Содан кейін ғана куәгерлердің бірі бейнежазбаны көргенін мойындады.

"Мен видеоны толық қараған жоқпын, бәрі әзіл ретінде ғана қабылданды", - деп сендірді айыпталушының сыныптасы.

Чаттың екінші қатысушысы да сотталушымен бірге оқыған. Ол бейнежазба жіберілген топта болғанын айтқанмен, дәл сол видеоны есіне түсіре алмағанын айтып, чатта пікір білдірмегенін жеткізді. Алайда оның телефонын тексеру барысында өтірік айтқаны анықталып, бейнежазбаға қатысты пікір білдіргені дәлелденді. 

"Мен бұл видеоны көріп, олай істеуге болмайтынын жаздым", - деп мойындады екінші куәгер.

Сот отырысында сотталушының телефонынан табылған 10-нан аса жазба көрсетілді. Туыстары қорланғанын тағы көрген марқұмдардың туыстары көз жасын тыя алмады.

Соңғы сот отырысында жәбірленушілер сотталушыдан әрқайсы 5 миллион теңгеден екі азаматтық талап арыз берген. Бүгін сотталушы 300 мың ғана төлей алатынын айтты. Осы арқылы жауапкер азаматтық талаптарды толық мойындамағандықтан, оған қатысты іс қысқартылған түрде емес, жалпы тәртіпте қаралып жатыр.

Сотталушы өз кінәсін мойындап, сотта істеген ісінің ауырлығын түсінгенгенмен, науқастарды қорлағанына қатысты сұраққа жауап бере алмады.

"Бұл қылмыс жазаның баламалы түрлерін қарастыратын ауыр қылмыстар санатына жатады. Сонымен қатар, қоғамда үлкен резонанс тудырып, кәмелетке толмағандар мен дәрменсіз жағдайдағы адамдардың мүдделеріне нұқсан келтірді.

Заңсыз әрекеттердің ұзақ уақыт бойы жасалғанын ескере отырып, сондай-ақ осы сияқты қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу үшін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау әділетті деп ойлаймын.

Соттан айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 110-бабының (“Қинау”) 2-бөлігінің 1, 2-тармақтарымен кінәлі деп танып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтеуді сұраймын. Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қамауда ұстауға ауыстырылсын, дереу қамауға алынсын”, – деді прокурор.

Бұған дейін Астана сотында студенттен зәбір көрген науқастардың туыстары жағдайды баяндап бергенін хабарлаған едік. 

Сонымен қатар айыпталушы бұған дейін егде жастағы науқастар мен ауыр диагноз қойылған балаларды қорлағанын жазған едік. Ол хосписте жұмыс істеп, науқастарды ұрып-соғып, олардың нәжісін жеп жатқанын видеоға түсірген.

Айта кетейік, үкім дүйсенбі, 30 қазан күні сағат 9.30-да шығады.

Тикетон: онлайн-афиша Актау
Сот Назарбаевты КТК телеарнасы акцияларының бір бөлігінен айырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу