Еуразиялық одақ аумағында бірыңғай валюта енгізілмейді. Досаев нүкте қойды

Oinet.kz 13-11-2019 1504

Еуразиялық одақ аумағында бірыңғай валюта енгізілмейді. Бұл туралы бүгін ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik-ға сілтеме берген Oinet.kz тілшісі.

Ерболат Досаев.jpg

Досаев ЕАЭО құрудағы басты мақсат валюталық емес, экономикалық одақ құру болғанын атап өтті.

"Бірыңғай валюта туралы сұрақ әдейі әртүрлі формада ара-тұра қойылып отырады. Келісімде бірыңғай валюталық одақ құру және бірыңғай валютаға көшу қарастырылмаған. Келісімшартта бұл нақты жазылған. ЕАЭО-ның әр қатысушысы қаржылық суверенитетті сақтайды", - деді ол мәжіліс кулуарында.

Досаев ұлттық банк қаржы нарығын реттеуші ретінде ақша-несие саясатын жүргізуге, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, дағдарысқа қарсы қажетті шаралар қабылдау саласында өкілеттікті толығымен қалдыратынын айтты.

Бұған дейін Ресейдің қаржы министрлігі ЕАЭО елдерінде (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения) трансшекаралық есеп жүйесіне бірыңғай электронды валюта енгізу идеясын қолдаған болатын.

Сол кездегі ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ЕАЭО елдерінде бірыңғай электронды валюта енгізуге қарсы екенін мәлімдеді.

Қазақстан мен Өзбекстан ЖОО-ларында ауған қыздарын оқыту бағдарламасы іске қосылды
Көлік кептелісіне мектеп оқушылары кінәлі екендігі анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу