Көлік кептелісіне мектеп оқушылары кінәлі екендігі анықталды

Oinet.kz 13-11-2019 1546

Нұр-Сұлтанда оқушыларды таситын жиырма мыңнан астам жүргізушілер кептелістер уақытын екі сағатқа созады, деп жазады kolesa.kz. 

Ал каникул кезінде кептеліс 20–30 минутқа созылатын болып шықты. Аталған статистиканы "Көркем Телеком" компаниясы ("Сергектің" әзірлеушісі) келтірді.

Көлік кептелісі 3.jpg

Бейнебақылау жүйесін әзірлеушілердің айтуынша, жазғы күндері таңертең Нұр-Сұлтан көшелеріне 150–160 мың көлік шығады, ал сабақ басталғалы таңғы көлік саны 180 мыңға көбейіп кеткен.

Көлік кептелісі.jpg

Кептелістерден құтылу үшін мамандар бала таситын ата-аналардың бірігуіне, мектеп автобустарын көбейтуге және баланы үйге жақын жерлердегі мектепке ауыстыруға кеңес береді. "Сергек" деген ақылды камералар Нұр-Сұлтанда 2017 жылы пайда болған. Биыл "Сергектер" Алматыға да жетіп, жыл соңына дейін олардың санын 400-ге жеткізу жоспарланған.

Еуразиялық одақ аумағында бірыңғай валюта енгізілмейді. Досаев нүкте қойды
Баталов Қапшағайдың әкіміне қатаң сөгіс жариялады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу