Асқар Мамин Азия даму банкінің президенті Такехико Накаоны қабылдады

Oinet.kz 15-11-2019 867

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Алматы қаласында өтіп жатқан «Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру үшін қаржы құралдарын жұмылдыру» аймақтық саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келген Азия даму банкінің президенті Такехико Накаоны қабылдады, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

image.png

Биыл біздің нәтижелі ынтымақтастығымызға 25 жыл толды. Біз АДБ-ны Қазақстанда жүзеге асырылған жобалар саны бойынша халықаралық қаржы ұйымдарының ішінде көшбасшылардың бірі болып табылатын стратегиялық серіктес ретінде қарастырамыз, - деді Асқар Мамин.

1994 жылдан бастап АДБ Қазақстанда қаржы, инфрақұрылым, энергетика, коммуналдық қызметтер секторы және басқа салаларды дамыту бойынша мемлекеттік жобаларды іске асыру үшін $5,1 млрд астам қарыз қаражатын бөлді. Бүгінгі таңда жалпы құны $3,8 млрд құрайтын 30-ға жуық жоба толықтай жүзеге асырылды.

Көлік және коммуналдық секторларды, мал шаруашылығын және т.б. салаларды жаңғырту бойынша жеке сектор жобаларын іске асыруға $628 млн астам қаражат бөлінді.АДБ $49 млн-ға көлік және ауыл шаруашылығы кешендері, білім беру, денсаулық сақтау, шағын және орта бизнесті дамыту және басқа салаларда 100-ге жуық техникалық көмек жобаларын қаржыландырды. 

Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы және "Ауыл – Ел бесігі" жобасы аясында ауылды дамытуды қолдау, тұрғын үй құрылысы, туризм және ҚР экономикасының басқа да салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Такехико Накао АДБ аясындағы Орталық Азияның аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асырудағы Қазақстанның елеулі үлесін және дамуға ресми көмек бағдарламасына донор ретінде белсенді қатысуын атап өтті.

15 қараша - теңгенің айналымға енген күні және Қаржыгерлер мерекесі
Нұр-Сұлтанға жақын елді мекендерді дамыту мәселесі назарға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу