Аружан Саин педофилдердің аты-жөні мен суреттерін жариялауды талап етті

Oinet.kz 19-11-2019 911

Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саинды Таразда кәмелетке толмаған қыз баланы зорлау ісінен кейін өзінің әлеуметтік парақшасында жазба қалдырды. Осындай қылмыстардың жиілеуіне байланысты зорлықшылардың түрін көрсетіп, аты-жөндерін жариялауды ұсынды деп хабарлайды OINET.KZ.

аружан саин педофил.jpg

Айтуынша, мұндай қылмыстар көпшілікке жария етілуі керек. Яғни зорлықшылардың аты-жөндерін, суреттерін көрсету қажет, әйтпесе, олар құпиялықпен қорғалатындай әсер қалдырады.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында бабалар зорлығы, осындай қылмыс бойынша сотталғандар жайлы материалдар үнемі аты-жөндері аталмай, суреттері көрсетілмей жарияланып жатады. Бұл осындай қылмысқа бейім адамдар үшін іске қосу тетігі іспеттес. Мәселен, "мен ғана бұндай емес екенмін ғой, әне, қаншама адам солай жасап жатыр" дегендей ой қалыптасуы мүмкін оларда. Мұны айтып жеткізу қиын, бірақ біз үнемі зорлық бойынша істермен айналысып келеміз. Зорлықшылар жазаланған күннің өзінде шарасыздық сезімі туады. Жаза – балалардың көрген азабы мен тартқан қасіретін қайтара алмайды», – дейді Аружан Саин.

Қазақстанда тоқыма бұйымдарының өндірісі 23,7 пайызға артты
Обал-ай! Үйі, жері, тіпті көлігі де жоқ басқарма басшылары бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу