Еліміздің үш өңірінде екінші ауысымда білім алатын оқушылар үшін сабақтар тоқтатылды

Oinet.kz 21-11-2019 816

Еліміздің үш өңірінде екінші ауысымда білім алатын оқушылар үшін сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме берген Oinet.kz

сабақтар босатылды.jpg

«21 қарашада ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз - 25) қала мектептерінің 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды», - деп мәлім етті Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасынан. 

Сондай-ақ 24-28 градус аязға орай Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха, Тарбағатай аудандарында 1-4 сыныптар, Бородулиха ауданында 1-11 сыныптар оқымайды. Қарағанды қаласының мектептерінде 0-4 сынып оқушылары сабаққа бармайды. Осы уақытта шаһарда -24-26 градус аяз тұр. Желдің жылдамдығы 2-3 м/с.

Гонконгтағы митинг кезінде қазақстандық студент ұсталды
Оңтүстіктің оныншы әкімі Түймебаев бюджетті масылдықтан арылта ала ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу