Гонконгтағы митинг кезінде қазақстандық студент ұсталды

Oinet.kz 21-11-2019 848

Қазақстандық 1-курс студенті Абилькаир Нукпи Гонконгта наразылық шарасы кезінде ұсталды, - деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

қазақстандық студент Гонконг.jpg

"Гонконг қалалық полицияның мәліметінше, қазақстандық студент 18 қарашада ереуіл кезінде ұсталған, ол Баптист университетінің 1-курс студенті Абилькаир Нукпи", - делінген Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Ведомство мәліметінше, қазақстандықтың жағдайы дұрыс, тек оң қолын жарақаттап алған. Ешқандай шағымы жоқ дейді. 

"Бүгін студентке қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдалымы өтті. Қазргі уақытта біздің бас консулдық осы істі ерекше бақылауға алды. Соңғы күнде Гонконгта 4 мыңнан аса адам ұсталды", - деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер. 

Осыған байланысты СІМ өкілдері Гонконгта оқып жатқан студенттерге Қазақстанға қайтуға кеңес береді. Еске салайық, мұның алдында митинг салдарынан қазақтандық студенттердің Гонконгтан кетіп жатқаны хабарланған болатын. 

"Гонконгтағы наразылық шараларының ушығуына, соның ішінде университеттер аумағы мен іргелес жатқан аудандарда жағдайдың шиеленісуіне байланысты бірқатар жоғары оқу орны, оның ішінде қазақстандық студенттер оқитын университеттерде екінші семестрге дейін сабақтарды тоқтату немесе қашықтан оқытуға көшу туралы шешім қабылданды. Бұл - 2020 жылдың қаңтар айы", - деген еді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Елбасы Жоғарғы cот төрағасы Жақып Асановты қабылдады
Еліміздің үш өңірінде екінші ауысымда білім алатын оқушылар үшін сабақтар тоқтатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу