Румыния президенті болып Клаус Йоханнис қайта сайланды

Oinet.kz 25-11-2019 768

Румынияның қазіргі президенті Клаус Йоханнис мемлекет басшысы сайлауының екінші кезеңінде жеңіске жетті. Экзит-полл мәліметінше, оған сайлаушылардың үштен екі бөлігі дауыс берген. Жексенбі күні өткен сайлауға дауыс беруге қатысқандар саны 50%-ға да жеткен жоқ, деп хабарлады Еuronews.com

Румыния президенті.jpg

Осылайша, Йоханнис екінші рет бес жыл мерзімге сайланды. 

«Румындар заманауи мемлекетті, еуропалық Румынияны таңдады», - деп мәлімдеді ол. 

Президент дауыс берудің алдында елді 30 жыл бойы басқарған социал-демократтардың билік етуін тоқтатуға шақырды. Йоханнис оларды «Румынияны еуропалық жолдан тайдыруға» ұмтылып жатыр деп айыптады. 

Мемлекет басшысының екінші кезеңдегі қарсыласы, экс-премьер Виорика Дэнчилэ «құқықтар мен бостандықтар болмаған кезде және барлық билік бір адамның қолында болған» уақытқа қайта оралуға қарсы дауыс бергенін атап өтті.

«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамына жаңа басшы тағайындалды
Мемлекет басшысы Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу