Теміртауда 300-ге жуық жұмысшылар жалақыдан қағылды

Oinet.kz 26-11-2019 951

Жұмысшылар «АрселорМиттал Теміртау» мердігер ұйымдарында жұмыс істеген, алайда компаниялар банкротқа ұшыраған екен. Жұмысшыларға тіпті жұмыстан шығу кезінде берілетін ақысы төленбеген, - деп хабарлайды «Астана» арнасына сілтеме жасаған OINET.KZ

Картинки по запросу банкрот

"Бізге фирманың банкротқа ұшырағанын, сондықтан алуымыз тиіс жалақыны бермейтін басқа компанияға барып жұмыс істеуімізне болатынын айтты. Бізді лақтырып кеткен ғой. Біз әлі күнге жұмыссыз жүрміз. Енді қайда барарымды білмей отырмын. Сондықтан міне, көмек сұрап отырған жайымыз бар", - дейді Болатбек Қасымхан. 

Теміртау әкімінің орынбасары Мирас Құттыбай бүгінде "АрселорМиталл Теміртау" компаниясының "Арсенал Стил" және KZ Impeks деген екі мердігер ұйымында жалақы төленбеу проблемасы бар екенін растап отыр.  

"Теміртау қаласының әкімдігі тарапынан осы ұйымдардың қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары және "АрселорМиталл Теміртау"басшылығымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде қазіргі уақытта "Арселормиттал Теміртау" осы ұйымдарға 30,8 миллион теңге аударды. Бұл мәселе ерекше бақылауда. Апта сайын Теміртау қаласы әкімінің басшылығымен "АрселорМиттал Теміртау" басшылығының және осы мердігерлік ұйымдардың қатысуымен жұмыс кеңесі өткізіледі. Онда "Арсенал Стил" және KZ Impeks қызметкерлерінің жалақысын толық өтеу мәселесі қарастырылады", - деді Мирас Құттыбай. 

"Біз ертең "АрселорМиттал Теміртау" басшылығымен тағы да осындай үлкен кеңес өткіземіз, сол жиында мәселе шешімін табады", - деп қосты облыс әкімінің орынбасары.

Елімізде элеваторларға қосымша табыс табуға рұқсат берілді
Назарбаев парламенттік сайлауға арналған сайлауалды бағдарламасын әзірлеуді тапсырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу