Димаш Құдайберген «Виктория» сыйлығында екі бірдей номинациясын жеңіп алды

Oinet.kz 06-12-2019 1109

«Виктория» сыйлығында қос номинацияны отандық, танымал әнші Димаш Құдайберген Ресейдің жеңіп алды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды OINET.KZ.

Димаш Құдайберген «Виктория» сыйлығының екі аталымында жеңіске жетті

«Құрметті достар, мен аса қуанышпен сіздерге ресейлік «Виктория» музыкалық премиясында екі аталымда - «Классикалық музыкада жылдың әншісі» және «Жыл жаңалығы» бойынша жеңіске жеткенімді жеткізгім келеді. Менің барша әлемдегі тыңдармандарыма қолдауларыңыз үшін үлкен рақмет! Бұл жеңісімді әлемдегі барша тыңдармандарым #dears-қа арнадым», - деп жазды Димаш Құдайберген.

image.png

Сондай-ақ, ол Ресейдегі командасына және композитор Игорь Крутойға ризашылығын білдірді. 

«Виктория» - өткен жылдың қорытындысы бойынша үздік кәсіби өнерпаздарды – музыканттарды, орындаушыларды, композиторларды, ақындарды, продюсерлерді, журналистерді таңдайтын Ресейдегі алғашқы және жалғыз сыйлық.

Махажанов Елбасының тапсырмасын да елемей ме?
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына бір айда 9,7 млрд теңге түскен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу