Махажанов Елбасының тапсырмасын да елемей ме?

Oinet.kz 05-12-2019 1735

Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажанов партия жұмысын жүйелі жүргізе алмай, 10 көрсеткіш бойынша Түркістан облысында аудан, қалалар арасында соңғы орыннан көрінген. Бұл туралы "Рейтинг" газеті хабарлайды. 

Screenshot_1.jpg

25 қарашада Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы  Нұрсұлтан Назарбаев өңірлердегі филиал жетекшілерімен кездесіп, өте маңызды тапсырмаларды жүктегені белгілі. «Nur Otan - ның» жұмысы күрт күшейе бастады. 

Партия қоғамның барлық саласындағы жетекші күшке ие болғысы келеді. Билік пен «Nur Otan» қазірден бастап бір-бірінен ажырағысыз дүниеге айналуға ұмтылуда. Бірақ, ел, Елбасы сенім артқан кейбір әкімдердің тізгінді тең ұстай алмай тұрғаны рас.

- Әр әкімнің және мәслихаттардағы фракция депутаттарының партиялық жауапкершілігін түбегейлі күшейтуіміз керек, - деді Елбасы осы жиында. «Нұр Отанның»  енді биліке қаншалықты ықпал ететінін осы сөздерден-ақ, бағамдауға болатын сияқты. Биліктің партиясы енді тек мәслихатты ғана емес, шенеуніктердің корпусын да жасақтауды жоспарлап отыр.  

Рейтинг газетінің хабарлауынша, Елордадан келген бойда облыс әкімі, партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев  Елбасының берген тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша жиын өткізіп, партияның аудандық, қалалық филиалдарының жұмысын саралады. Шөкеевтің партиядағы бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев  аудан, қалалық филиалдардың жұмысын 10 көрсеткіш бойынша талдап берді. Жетістіктермен бірге кемшіліктер де айтылды. Осы 10 көрсеткіш бойынша бірінші орынды Сайрам аудандық филиалы иеленді. Бұл - филиал жетекшісі, аудан әкімі  Бақтияр Мамаевтың жұмысының көрсеткіші. 

Ал соңғы орында Кентау қаласы. Кентау қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Дәурен Махажановтың жұмысының өкінішке қарай, әзірге оңалатын түрі жоқ. 

Жалпы Кентаудың тізгінін Дәурен Махажанов ұстағалы  келеңсіздіктердің көбейіп кеткені туралы біз газетіміздің өткен нөмірінде де жазған едік. Облыс орталығы Түркістан қаласының іргесіндегі қалада мемлекеттік қызметкерлердің тәртіп бұзып, жазаға тартылуы, арыз-шағым жазу толастамай тұр. Енді міне, Махажанов кадрлық жұмыстарға ғана емес талай бастамаларды қолға алып жатқан  партиядағы жұмысына да қырын қарайтындығын, турасын айтқанда Елбасының берген тапсырмаларын елең қылмайтындығын байқатып қойған сияқты.

Жалпы, Кентау қаласы биыл бюджет қаражатын игеру жағынан да көштен қалып тұр. Облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасынан алған ресми мәліметке қарағанда, кеншілер қаласында  биыл газбенен қамтамасыз ету жүйесіне бөлінген 144 миллион теңге қаражат игерілмей қалған.  Жалпы, Махажановтың Шөкеевтің тағайындаған алғашқы кадрларының бірі екендігі белгілі. 

Оқи отырыңыздар:

Махажанов келгелі Кентауда келеңсіздік тыйылмай отыр

Screenshot_2.jpg

Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының берген мәліметіне қарағанда, облыста игерілмеген 3,4 миллиард теңгенің ең көп бөлігі - 868 миллион теңгесі  облыстық облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына тиесілі. Шөкеев аталған басқарманың басшысы етіп сәуірде Роллан Ибрагимов деген жас жігітті тағайындағаны белгілі. Сол сәуірде Шөкеев облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы етіп Бақытжан Қырықбайды тағайындап, біршама уақыт бұрын қызметінен босатты. Қолынан іс келмеген басқарма басшысын «өзім тағайындаған кадр еді» деп, басынан сипаған жоқ. Егер жұмысын жөнге қоя алмаса, Махажанов та соның кебін киюі әбден мүмкін.   

...Қысқасы, қызметке тағайындалғанына тоғыз ай болған  Шөкеевті өзі тағайындаған кадрлары ұятқа қалдыруға көшті. Мұның ақыры немен бітер екен?

Дәурен Махажанов келгелі Кентауда келеңсіздік тыйылмай тұр
Димаш Құдайберген «Виктория» сыйлығында екі бірдей номинациясын жеңіп алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу