Еліміздің басым аумағында көктайғақ пен тұман күтіледі

Oinet.kz 17-12-2019 832

Республиканың басым бөлігінде Қарағанды облысының орталығы арқылы өтетін антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. 

Картинки по запросу Көктайғақ пен тұман

Тек республиканың батыс, солтүстік-батысының кей жерлерінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, сақталады, солтүстік-батыста желдің күшеюі болжануда.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ. Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болжануда.

Токиода өтетін Олимпиада стадионының ресми ашылуы өтті
Атақты француз актрисасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу