Президент іс-басқармасында кадрлық ауыс-түйістер орын алды

Oinet.kz 26-12-2019 1511

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент іс басқарушысының орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Ақорда сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Ерлан Сапарұлы Оразбай Қазақстан Республикасы президенті іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды", - деп хабарлады Ақорда.

Картинки по запросу ауыс түйіс

Мұрат Әйтенов Қазақстан Республикасы президенті іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды.

Президенттің іс басқармасы – президенттің, саяси мемлекеттік қызметшілердің, парламент депутаттарының, мемлекеттік органдардың және олардың қызметкерлерінің қызметін қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган.

Ведомствоға бағынысты ұйымдар және олардың қызметі туралы ақпаратты ресми сайттан табуға болады.

Қазақстан Республикасы президентінің іс басқарушы – Ерлан Баттақов. Ол бұл қызметке тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кеткеннен кейін тағайындалды.  

Смоляков жаңа қызметке тағайындалды
Есірткі саудалағандар мен бала зорлағандар өмір бойы түрмеде отыруы мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу