Прокурорлар Шымкенттен қаржылық қитұрқылықтарды анықтады

Oinet.kz 06-12-2019 724


 Screenshot_1.png

Шымкент қаласы прокуратурасының алқа мәжілісінде өткен кезеңде жергілікті атқарушы органдар тарапынан бюджетті қалыптастыру барысында заңдылықтың сақталуы, сондай-ақ бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігі мәселесі қаралды. Бұл туралы Iымкент қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.  
«Ағымдағы жылы бұл бағытта 4 сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарының жүргізілуіне бастамашылық жасалды, оның 2 бойынша 2 тұлғаға қатысты қылмыстық істер 90 млн. теңге залал өндірілуіне байланысты қысқартылған.
Прокурорлық актілер негізінде 10 тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылды, мемлекетке 120 млн. теңге залал өндірілді» - деді жиында қала прокуроры Мақсат Қожабаев.
Қолданылған шаралар негізінде 1,9 млрд. теңге болатын мемлекеттік сатып алу туралы ашық конкурс қорытындысы қайта қаралып, ол бойынша шешімнің заңсыз қабылдануының алды алынды, сонымен қатар әлеуетті өнім берушілер тарапынан жалған түрде жасалған құжаттарды ұсынудың 7 дерегі, әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін негізсіз қабылдаудан бас тартудың 2 дерегі, әлеуетті өнім берушіге заңсыз шартты жеңілдіктерді ұлғайтудың 3 дерегі және әлеуетті өнім берушілерге негізсіз талаптар белгілеудің 12 дерегі анықталды.
«НұрлыЖол» бағдарламасын іске асырудың заңдылығына жүргізілген тексеріс қорытындысында «НТР» ЖШС тарапынан «Қайнар-бұлақ» тұрғын алабында орналасқан мектеп құрылысын жүргізу барысында соммасы 52,4 млн. теңге болатын атқарылмаған жұмыстарды негізсіз қосу дерегі анықталды.
Тағы бір мысал, «Тур Ахмет» ЖШС-і №1 клиникалық ауруханасына құны 56,5 млн. теңгені құрайтын медициналық құралдарды жеткізбеген.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында екі қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залал толық өтелуіне байланысты ақталмайтын негізбен қылмыстық қудалау тоқтатылды.
Қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында қаладағы жылу құбырлар желілерін қымтау жұмыстарына бөлінген 33,2 млн. теңге соммасындағы бюджет қаржысын жымқыру дерегі анықталды.
Сомасы 7,3 млн. теңге болатын іс жүзінде атқарылмаған жұмыстарды қосып алу дерегі ұзындығы 6500 метр магистралдық жылу желісін қайта құру барысындада орын алған.
Алқа қорытындысында жергілікті атқарушы органдарға орын алған кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар берілді.


Қазақстанда Парламент сайлауы биыл өтеді
Иран Дональд Трамптың «басы» үшін 80 млн доллар сыйақы бермек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу