Қазақстанда Парламент сайлауы биыл өтеді

Қазақстанда Парламент сайлауы өтеді.  Tengrinews.kz. сайтына сұхбат берген саясаттанушы Максим Казначеев «Парламент сайлауы биыл өтеді» деген мағынадағы сәуегейлік жасапты. 

31504.jpg

Сурет ашық дерекөзден алынды

Саясаттанушының айтуынша, Мәжіліс сайлауы биыл өте қызықты болады. Себебі төменгі палата жаңа жүйе бойынша жасақталады. Қазақстанда қазір билік транзиті шын мәнінде басталды. Осы кезеңде іштегі саяси күштер сайлау арқылы өздерінің ықпалын күшейтуге тырысады екен. Саясаттанушының бұл айтқандары қаншалықты қисынға келеді? Біз осы жағын сараптап көрсек. 

Алдымен айтарымыз, қандай жағдай болса да Қазақстанда Парламент сайлауының биыл өтетіні айдан анық. Мәжілісті емес, Парламенттің жоғары палатасы-Сенатты айтып отырмыз. Сенат сайлауы Қазақстанда өз мерзімінде өтіп жүрген бірден-бір сайлау саналады. Қайталап айтайық, бірден-бір сайлау. Одан басқа сайлаулардың барлығы дерлік (Президент, Мәжіліс) мерзімінен бұрын өтіп келеді. Мерзімінен бұрын сайлау өткізудің жазылмаған заңдылыққа айналғаны қашан. Жоғарыдағылар бұл жолы да осы заңдылыққа арқа сүйеуі әбден мүмкін. Рас, бұған дейін биліктегі басшылар Парламент сайлауы өз мерзімінде өтеді дегенді айтты. Алайда өз мерзімінде болады деген Президент сайлауының былтыр маусымда уақытынан бұрын өтіп кеткені белгілі. Яғни, «өз мерзімінде» деген сөзге барлық уақытта сене беруге болмайтын сияқты.    

Ата заңның 51-бабына сәйкес Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Ал Мәжілістің осы шақырылымы  2016 жылдың наурызында жасақталғаны белгілі. Яғни, сайлау ары барғанда 2021 жылдың қаңтарында өтуі тиіс. Бірақ бұл ең ақырғы мерзім. Дода одан беріге-2020 жылдың күзіне жылжытылуы әбден мүмкін. Алайда бұл мерзім де онша қолайлы болмайтын сияқты. Себебі биылғы Сенат сайлауы осы сары күзге жоспарланған. 

Биыл Сенатқа 2014 жылы сайланған  депутаттардың өкілеттік мерзімі аяқталады. Жоғары палатаға олар 2014 жылдың 1 қазанында сайланған болатын. Яғни, президент бұл жолы Сенат сайлауын тағы қазанға белгілейді. Ал Мәжіліс сайлауын Сенат сайлауымен қабаттастыру қисынға келмейді. Сондықтан Мәжіліс сайлауының ең ықтимал мерзімі биылғы наурыз сияқты. Ары барса, шілдеге дейін. Егер солай болса, сайлаудың сыбысы жақын күндері шығып қалуы әбден мүмкін. 

Кім не десе, о десін, бұл жоғы сайлаудың қара халық үшін түк те қызығы жоқ сияқты. Өйткені сайлау туралы заңдарға енгізілген өзгерістерге сәйкес  Мәжіліспен бірге мәслихат та партиялық тізім бойынша сайланады. Дәлірегі жасақталады.  Бұған дейін берілген тапсырмалар бойынша мәслихаттың 50 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар мен нәзік жандылардан құрылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түрме қызметкері 400 мың теңге пара алған
  • «Мұны қазақтар жасаған жоқ»: Дүнген қауымдастығының төрағасы Қордай оқиғасы жайлы сөз қозғады
  • Жамбылға Сапарбаевтың ең сенімді кадрі келе жатыр
  • Генерал-майор Нұржан Мұқанов бақилық болды
  • Қазақстандықтарға 4%-тік микрокредит беріледі
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика