Үкімет халықтың табысын арттырады

Oinet.kz 28-01-2020 759

Үкіметтің бүгінгі отырысында мемТоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында үш заң қабылданады. Олар – жаңа редакциядағы "Техникалық реттеу туралы" заң, Бюджет кодексіне өзгерістер енгізу және Денсаулық кодексі.лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Үкімет отырысы

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың айтуынша, президент үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы көтеру және халықтың табысын арттыру бойынша барлығы 80-нен астам тапсырма берді. Осыған орай, үш заң қабылданады. Олар – жаңа редакциядағы "Техникалық реттеу туралы" заң, Бюджет кодексіне өзгерістер енгізу және Денсаулық кодексі. Бұдан бөлек, үш бағдарламалық құжат бекітіледі. Соның ішінде Ақша-кредит саясаты стратегиясы, Сауда саясаты бағдарламасы және Су ресурстарын басқару бағдарламасы бар.

"Мемлекет басшысының әрбір тапсырмасын мазмұнды және жедел пысықтау қажет. Осыған байланысты, Асқар Ұзақбайұлы (үкімет басшысы – Sputnik Қазақстан), сіздің басшылығыңызбен үкіметте жұмыс тобын құру ұсынылады. Жұмыс тобы шеңберінде 10 шағын топ болады. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары шағын топтарды басқарады және оларға дербес жауапкершілік жүктеледі", - деді Дәленов.

Бұл жұмысқа сарапшылар мен кәсіпкерлер тартылады. Әрбір шағын топтың шеңберінде мемлекет басшысының тапсырмаларын іс жүзінде орындауға бағытталған нақты шаралар әзірленеді. Атап айтқанда, 1 шілдеге дейін  Бюджет кодексіне өзгерістер енгізіледі. Сондай-ақ, Ақша-кредит саясаты стратегиясы даярланады. Ұлттық төлем жүйесін құру шаралары басталады.

"Осы жылдың 1 мамырына дейін нәтижесіз шығыстарды қысқарту бойынша шаралар қабылданады. Сонымен бірге, ауыртпалықсыз кейінге қалдыруға болатын мемлекеттік шығыстардың тізбесі айқындалады. Ал жылдың соңына дейін жаңа редакциядағы "Техникалық реттеу туралы" заң қабылданады", - деп атап көрсетті Дәленов.

Министрдің сөзіне қарағанда, биыл 1 шілдеге дейін елдің зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша тәсілдер мен шешімдер де әзірленетін болады.

Шымкенттің бас идеологы кім болады?
Түркістан облысында отставкіге арыз жазатын алғашқы әкім белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу