Түркістан облысында отставкіге арыз жазатын алғашқы әкім белгілі болды

Oinet.kz 28-01-2020 1750


8cc27a7d565c354f9e0ed7bef100c2f5-896x929.jpg

Егер мемлекеттік қызметкер парамен ұсталса, оны қызметке тағайындаған басшы отставкіге кетеді деген мәселе осы уақытқа дейін жай ғана сөз жүзінде айтылып  келген еді. Тоқаев былтыр осы бастаманы нақты іске асыратын заңға қол қойды.

Жыл соңында Заңға енгізілген өзгерістерге байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғанижан Асанұлы арнайы баспасөз мәслихатын өткізген болатын. 

Осы баспасөз мәслихатында Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілгені, бұдан былай, саяси мемлекеттік қызметкерлер-министрлер мен олардың орынбасарлары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдері мен олардың орынбасарлары, аудандар әкімдері олардың тікелей бағынышты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда міндетті түрде отставкаға кетуге сұрану керектігі айтылған еді. 

 Мәселен министр өзінің орынбасары, жауапты хатшы, аппарат басшысы, аймақтық бөлімшелерінң басшылары үшін жауап береді. Облыс әкімі орынбасары, аппарат басшысы, аудан, қаланың әкімдері үшін жауаптылықта болады. Ал орынбасар кім үшін жауап береді? Заңға сәйкес вице-министр қарамағындағы бөлімше немесе тәуелсіз құрылымдық бөлімше басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде қызметінен кетеді. Ал облыс әкімінің орынбасары жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары үшін жауап береді.  Ал аудан әкімі өзінің орынбасарларына, аппарат басшысына, жетекшілік ететін аудандық атқарушы органдардың басшыларына, ауыл, кент, ауылдық округтердің әкімдері үшін жауап береді. 

Қарамағындағы қызметкер сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталса, басшы алдымен өзін қызметке тағайындаған басшының атына отставкіге кету жөнінде арыз жазады, отставкіні қабылдау- қабылдамауды сол басшы шешеді.

Түркістан облысында отставкіге арыз жазуы мүмкін алғашқы әкім белгілі болды. Ол-Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажанов (суретте). 

Осы аптада Кентау қаласына қарасты Ескі Иқан ауылдық округінің әкімі парамен ұсталды.  Құзырлы органдардың таратқан мәліметіне қарағанда, әкім параны әлдебір азаматтан жер телімінің ситуациялық схемасын сызып беру үшін сұраған. Алған параның көлемі 2 миллион теңге. Бұл алдын ала келісілген қаржының жартысы ғана көрінеді. Әкім 4,15 миллион теңге сұрағанға ұқсайды. Мәссаған! Жай ғана ауыл әкімі 4 миллион теңгеден астам ақша сұраса, одан жоғары тұрған лауазым иелерінің ставкасы қанша болғаны? 

Айтпақшы, ұсталған әкімі кінәсін мойындап қойыпты. Яғни, тергеу амалдары жеделдетілген жолмен жүргізіліп, айыпталушыға көп ұзамай-ақ сот үкімі шығуы әбден мүмкін. 


Үкімет халықтың табысын арттырады
Елбасының экс-көмекшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің төрағасы болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу