Жамбыл облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді

Oinet.kz 08-02-2020 1310

Әлеуметтік желі қолданушылары Жамбыл облысындағы Масанчи ауылындағы жаппай төбелестің видосымен бөлісіп жатыр. Өңірлік полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.

жамбыл.jpg

Жаппай төбелес пен тәртіпсіздіктің видеолары Instagram желісіндегі kris_p_brothers_official парақшасында жарияланған.

Бейнежазбада атыс, адамдардың айқайы естіліп, өрттің жалыны көрінеді.

Өңірлік полиция департаменті келіспеушілік Қордай ауданындағы Масанчи ауылының тұрғындары арасында болған.

Жаппай төбелестің себебі әзірге белгісіз, анықталған жоқ.

Полиция бұзақылық фактісі бойынша тергеу жұмыстарын бастады. Құқыққорғау органдарының қызметкерлері тәртіпсіздікті ұйымдастырғандар мен қатысқандарың кім екенін анықтап жатыр.

Қазіргі уақытта ауылдастар арасындағы келіспеушілік тоқтатылды. Оқиға полицияның бақылауында.

Коронавирустан 722 адам қайтыс болды, жұқтырғандардың саны 34 мыңнан асты
Қордайдағы оқиғаның себебі анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу